Ұлт ұстазы Ы.Алтынсариннің мерейтойына орай республика көлемінде түрлі шаралар өткізілуде. Соның бірі – Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Ыбырай оқулары-2021» қалалық байқауы.

Байқауға қатысуға 6 үміткер ниет білдірді. Шара қазақ жастарына Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығын, ағартушылық еңбектерін насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруды көздеді. Қатысушылардың басым бөлігі жалпы білім беру мекемелерінің ұстаздары. Атап айтар болсақ, №4 мектеп-лицейі, №5 мектеп-гимназиясы, №18, №19 білім ордалары және Рудный құрылыс және көлік колледжінің студенті. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1-кезең – «Ыбырайға арнау», 2-кезең – «Ыбырай оқулары жаңа жазумен» деп аталды, бұл кезеңде қатысушылар автор әңгімелерін латын графикасында оқып шығуы қажет болды.
Ал келесі «Ыбырайды оқы, жалықпа!» кезеңінде қатысушылар, әдеттегідей, ақын өлеңдерін жатқа айтып берді. Осы кезеңдерден сүрінбей, әділ қазылардың көзіне түсіп, бәйгеде оза шапқан, жүлделі 3-орынды иеленген Рудный қаласы білім бөлімінің №18 жалпы білім беретін мектебінің тәрбиешісі Әсия Баязитова, 2-орын – Рудный құрылыс және көлік колледжінің студенті Мерей Аманкулов, ал жүлделі 1-орынға ие болған №4 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Талғат Толсинов.
Ал өзінің мағыналы, орамды төл туындысын төрешілерге ұсынып, Ыбырай атамыздың өлеңдерін, латын графикасында берілген әңгімелерін өз нақышына келтіріп орындаған Рудный қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мөлдір Абдибекова бас жүлдені жеңіп алды. Енді ол үстіміздегі жылдың қыркүйек айында болатын облыстық байқауда қаламыздың абыройын қорғамақ. Алдағы сайыста Мөлдір Тұраққызына сәттілік тілейміз.
Айнұр ИДРИСОВА,
Рудный қалалық тілдерді
оқыту орталығының әдіскері
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.