Ынтымақпен ұйысқан, жетістікпен жалғасқан жыл

Выпуск - №43(739)   :   13.11.2026
49

Рудный қаласы білім қызметкерлері кәсіби одағының ұйымы филиалы 2026 жыл – «Дәстүрлі құндылықтар жылы» аясында атқарылған ауқымды жұмыстарын қорытындылады.

image

Әлеуметтік әріптестік – тұрақты дамудың кепілі

Қала бойынша білім саласы қызметкерлерінің 98%-ын біріктіріп отырған ұйым биыл да мұғалімдердің құқығын қорғау, әлеуметтік қолдау және сауықтыру бағытында жоғары нәтижелер көрсетті. Филиал құрамындағы 40 бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын үйлестіріп отырған 7 адамнан тұратын Атқару комитеті жыл бойы белсенді жұмыс атқарды. Осы уақыт аралығында 8 отырыс өткізіліп, еңбек ұжымдарына тікелей қатысты 40-тан астам маңызды мәселе қаралды. Барлық шешімдер хаттамаланып, бастауыш ұйымдарға жедел жеткізіліп отырды.
Ұйым жұмысының негізгі өзегі – Рудный қалалық білім бөлімімен арадағы әлеуметтік әріптестік. Жыл сайын бекітілетін бірлескен жоспар негізінде дәстүрлі тамыз кеңесі мен Мұғалімдер күні, Республика күні кәсіби мерекелері жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты жиындар барысында үздік педагогтер мен ардагер ұстаздар қала әкімінің, Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Еңбек ардагері» және «Қостанай облысы білім қызметкерлерінің кәсіподақ қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

image

Үздіктер ұлықталып, еңбектер еленген сәт

Тамыз кеңесінде «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Рудный қаласы білім бөлімінің басшысы Темірхан Жайлыбаев марапатталды. Жыл сайын өткізілетін «Мерей» сыйлығының құрылтайшысы әрі ұйымдастырушысы «Қостанай облысы білім беру және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ болып табылады. Биыл қатысушылар екі номинация бойынша марапатталды. «Жүрегімді балаларға арнаймын» аталымына №17 жалпы білім беретін мектеп директоры Д.Макушева, ал «Білім берудегі инновациялар» аталымына №10 мектеп-гимназия директоры А.Мунтаева лайық деп танылды.

Еңбек құқығы – басты назарда

Ұйымға мүше 40 мекеменің барлығында Ұжымдық келісімшарттар уақытылы жаңартылып, олардың орындалуы жіті қадағаланды. Еңбек заңнамасының сақталуы бойынша 12 рет мониторинг жүргізіліп, 28 мүшеге құқықтық кеңес берілді. Нәтижесінде, 3 даулы мәселе кәсіподақ мүшелерінің пайдасына оң шешімін тапты. Педагогтердің еңбек демалысы мен сауықтыру жәрдемақыларының төленуі де толық бақылауда болды.

image

Жаңа сайланған кәсіподақ төрағасы мен төрайымдары

Кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаты – әрбір маманның тұлғалық және кәсіби тұрғыдан дамуына қолайлы орта қалыптастыру. Дені сау, рухы сергек ұстаз ғана болашақ ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере алады. Биыл емделуге және отбасылық жағдайларға байланысты 45 тұлғаға материалдық көмек көрсетілді. Сауықтыру бағытында облыстық ұйыммен бірлесе отырып «Сарыағаш», «Сосновый бор», «Қарабаев орталығы» шипажайларына ұжым мүшелері арнайы жеңілдікпен, оның ішінде 12 ардагер ұстаз жолдамамен қамтылса, «Параллель» демалыс базасында 120-дан астам адамға отбасылық демалыс пен тимбилдингтер ұйымдастырылды. Сондай-ақ жалпы саны 25 бала жазғы лагерьлерге жеңілдікпен демалды.

Спорт – ойға шуақ, бойға қуат

Рудный қаласы білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелері қалалық және облыстық деңгейде өтетін барлық спорт жарыстарына белсене қатысады. Білім қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылатын жарыстарға мұғалімдердің қатысу белсенділігі жылдан жылға артып келеді. Биыл өткізілген жарыстарға 250-ден астам ұстаз қатысып, шеберлігін шыңдады. Тағы бір жаңашылдық – бағдарламаға жыл сайын жаңа спорттық ойындардың қосылуы. Биыл жаңадан қосылған ұлттық «Таяқ тарту» ойынын өткізуге А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мәлік Бекқали мен Айдын Жалкенов белсенді атсалысып, оны алдағы уақытта облыстық деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз.

image

Биыл жаңадан қосылған «Таяқ тарту» ойынының жеңімпаздары

Қаламызда бесінші жыл қатарынан мұғалімдер арасында шағын футболдан қала біріншілігі өткізілді. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кәсіподақ комитетінің грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Белсенді атсалысып, айрықша көзге түскендер арнайы номинацияларға да ие болды. Дм.Карбышев атындағы №14 ЖББМ педагогі Берік Қозылов – «Үздік қақпашы», №13 ЖББМ педагогі Исламбек Рақымжанов – «Үздік шабуылшы», Абай атындағы №18 ЖББМ педагогі Шәкен Қамбаров – «Үздік қорғаушы», Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның педагогі Ұлан Нұрекин – «Үздік ойыншы» атанып, арнайы грамотамен марапатталды. Командалық ойындар барысында ұстаздар спорттық шеберлігін көрсетіп қана қоймай, өзара ауызбіршілікті, сенім мен қолдауды сезінеді.

image

Шағын футболдан мұғалімдер арасындағы қала біріншілігі

image

Волейбол жарысының шешуші кезеңі

2026 жылдың үздік ұйымы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне орайластырылған филиалдар қызметінің тиімділігін рейтингтік бағалау қорытындысы аймақтағы кәсіподақ қозғалысының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. Жұмыстың барлық бағыттарын қамтитын 6 блок пен 62 индикатор негізінде жүргізілген жүйелі талдау іс жүзінде атқарылған ауқымды жұмыстардың шынайы сапасын айқындап берді.

2026

Рудный қаласы білім қызметкерлері кәсіби одағының ұйымы 2026 жылдың үздігі деп танылды

Рейтинг қорытындысы бойынша қалалық және облыстық филиалдар арасынан суырылып алға шыққан Рудный қаласы білім қызметкерлері кәсіби одағының ұйымы 2026 жылдың үздігі деп танылды. Бұл жетістік филиал басшылығы мен белсенділерінің мақсатты жұмысының, еңбек адамының мәртебесін көтеруге қосқан елеулі үлесінің лайықты нәтижесі.

Амина МУРЗАТАЕВА,
Рудный қаласы білім қызметкерлері
кәсіби одағының ұйымының төрайымы

Реклама

Для меня счастливо сплелись преподавание русского языка и литературы в школе и возможность проявить себя в журналистике. Работая со словом, я на страницах газеты могу выразить свои мнения, размышления, впечатления, поделиться достижениями коллег, учеников. Освещаю активную профсоюзную деятельность в образовательной сфере города Рудного. С удовольствием пишу и о спортивных мероприятиях, потому что сам неравнодушен к спорту. И очень приятно, что мои творческие порывы находят признание и в редакции, и у читателей «Учительской плюс».

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.