Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Ұлағатқа толы әжелер өнегесі

Выпуск - №11 (559)   :   18.03.2023
953

Ұлыстың ұлы күні – ата-баба сөзімен айтқанда «ақ түйенің қарны жарылған күн». Наурыз мерекесі қарсаңында Қостанай қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында әжелермен кездесу болып өтті.

Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Мектеп кітапханасының төрінде өткен кездесу барысында әжелеріміз өздері пісіріп, дайындап әкелген тағамдары жайлы әңгімелеп берді. 1 «Г» сынып оқушысы Асаналидің әжесі Әлпия әжеміз наурыз көже пісіріп әкеліп, құрамында қандай дәрумендер бар екенін, қалай дайындалатыны туралы түсіндіріп өтсе, 4 «Б» сынып оқушысы Есеналидің әжесі Ермек әжеміз құрт әкеліп, құрттың тағамдық құндылығы жайлы, қалай жасалатыны туралы түсіндірді.

Сонымен қатар 1 «В» сынып оқушысы Перизаттың әжесі Бақыткүл әжеміз бауырсақтың дайындалу жолдарын айтып өтсе, 1 «Г» сынып оқушысы Жансаяның әжесі Күлімай әжеміз малта құрт қалай әзірленетінін түсіндіріп, балаларға қызықтырып әңгімелеп берді. Жалпы құндылықтар, оның ішінде қазақ халқының ұлттық тағамдары насихатталған басқосуда оқушылар әжелердің әңгімелерін, ақыл-кеңестерін тыңдап, өздеріне керекті ақпараттарды алды. Және, әрине, әжелердің қолымен дайындалған ұлттық тағамдардан дәм татты.


Зоя ҚОЙТБАЕВА,
№10 ЖББ мектебі
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.