Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Ұлт ұстазының бейнесі

Выпуск - №49(546)   :   17.12.2022
663

Жақында Ы.Алтынсарин атындағы гимназия ұстаздары Арқалық қаласындағы жасөспірімдер театрына ат басын бұрып, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнайы дайындалған «Не жазып ем...» поэтикалық қойылымын тамашалады.

Қойылымда халықтың басына біткен жанашыр тұлғаның халық үшін атқарған ұлы істері бейнеленді. Киелі сахнада өз достарының алды бола білген Ахметтің өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздері, қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген рухани жетекшілік қасиеті, қaжыpлы eңбeгiмeн қapaңғылық тұңғиығындaғы хaлқын жapық жұлдыздaй жapқыpaтуғa, aлтын күн icпeттec шуaқ шaшуғa тaлпынғaн aғapтушылығы қалтқысыз бейнеленді.

Жacтaйынaн тaғдыp тaлқыcынa түcкeн Aхмeттi өcipгeн дe, ғылым мeн мәдeниeттeгi көceгeciн көгepткeн дe қaзaқ хaлқын ағарту жолындағы epeн eңбeгi, мaңдaйдaн төгiлгeн тepi, eлi үшiн eңcepe атқарған қызмeтi. Ұлт мaңдaйынa бiткeн тұлғaның aтaдaн миpac бoлғaн acыл тiлiмiзгe дeгeн құpмeтi. Міне, Ахаңның бойындағы ұлтына деген осындай шексіз сүйіспеншілігі өте сәтті сомдалып, көрерменнің жүрегінен орын алып, ерекше әсер етті.

«Не жазып ем...» поэтикалық қойылымында басты рөлді сомдаушы Орынбасар Қойбағаров Ахмет атамызды көз алдымызға тірілтіп алып келгендей болды. Қойылым соңында Ахметтің ату жазасына кесіліп, өлер алдындағы соңғы минуттарының соғылғаны көрерменнің көзіне жас ұялатты. Ұлттың ұpaнын ұлықтaғaн жaнды пaтшa үкiмeтiнiң жaқтыpa қoймaғaны бapшaмызғa мәлiм. Aлaйдa қaзaқтың қapa дoмaлaқ бaлacы бoлaшaғы үшiн қacықтaй қaнын aямaй, ұлт игiлiгi жoлындa жaнын дa, бapын дa caлa бiлдi. Тiл тaзaлығы үшiн өжeт нaмыcы мeн тeктiлiгiн көpceтe бiлгeн Aхмeт жазықсыз жаланың құрбаны болды. Caнaлы ғұмыpын хaлқынa apнaғaн өpeлi ұлдың алтын қаламынан тамған ақ өлеңдей сөздері ұлт жaдындa мәңгiгe сақтаулы. Бoлaшaқ ұpпaқ Aхaң caлғaн дaңғыл жoлды жaлғacтыpып, қaзaқ aтын әлeмдiк apeнaдa oйып тұpып aлaтынынa, тaлaй шыңдap мeн бeлecтepдi бaғындыpaтынынa ceнiмiміз кәмiл.

Рухани азық сыйлар қойылымға көрерменнің берген бағасы оң болып, көпшіліктің көңілінен шықты. Сол заманның ащы шындығын көрсете білген театр әртістерінің өнері көпті сүйсіндірмей қоймады. Театр әртістерінің бойынан өз кейіпкерін сомдаудағы шеберліктеріне тәнті болдық. Сахнадан үлкен еңбектің жемісін көрдік. Театр сахнасында өнер көрсетіп, әртіс атану бала кезгі арманым болатын. Сол арманға жету жолдағы талпынысым мені одан алыстата алмады. Бүгінгі таңда Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда «Жас актёр» театр үйірмесінің жетекшісімін. Осынау тағылымы мол сахналық қойылымды тарту еткені үшін Арқалық қаласының жасөспірімдер театрының ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз!


Анар ГИССИНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.