Амангелді ауданына қарасты Қабырға ауылының Ж.Сабыржанұлы атындағы ЖББ мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Атамекен» этножобасы жүзеге асырылды.

Жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныту мақсатында өткен шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Мұрат Дихамбаев, мектеп басшылары, ата-аналар, ауыл тұрғындары қатынасып, оқушыларға бабаларымыздан келе жатқан ізгі дәстүрлер мен ұлт құндылықтарын насихаттауға атсалысты.
Іс-шара салтанатты түрде ашылып, мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салды. Құттықтау сөз сөйлеген білім бөлімінің басшысы Мұрат Сембайұлы: «Жұматай Сабыржанұлы атындағы білім ордасында бүгінгі күні өткелі отырған «Қазақ ауылы» этножобасы ұлттық болмысымызды насихаттаудың айқын үлгісі, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жаңғыртудың маңызды көрінісі ретінде жүзеге асырылуда. Тағылымды тарихы бар батыр ата атындағы аудан шәкірттері болашақта елінің нағыз азаматы болуы үшін өмірге рухани құндылықтармен қанаттанып өсуі қажет деп есептеймін», – деп іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне сәттілік тіледі.



Қабырға өзенінің бойында ұйымдастырылған жоба іс-шарасы оқушыларға бие сауу, күбі пісу, қымыз баптау тәсілдерін үйрету шеберліктерінен басталды. Қабырға қымызын бір мезетте 15 күбіге құйып, бір уақытта піскен ақ жаулықты аналар көрінісі жобаның ерекшелігін айқындап берді. Ошақ басында жүрген ауыл аналары мен әжелер бұдан кейін қыз балаларға қазақтың ұлттық тағамдары саналатын бауырсақ пісіру, ет асу, құрт жасау әдістерін де үйретті. Құрылған киіз үйде оқушылар үшін дайын болған тағамдардан дәм тартылып, табақ тарту салты жөнінде ақпараттар берілді.
Ауыл азаматтары, әкелер қауымы ер балалар үшін арнайы қой сойып, мал етін жіліктеп бөлу бойынша «Асық жілік» шеберлік сыныбын өткізді. Қазақы дәстүр бойынша малға бата оқылып, арнайы ырымдары жасалды. Бұдан әрі іс-шара қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты. Алтыбақан басына жиналған оқушылар Қабырға ауылын, алтыбақан айналасын думанға бөлеп жіберді. Олар халық әндерін орындап, қыз бен жігіттер болып айтысқа түсті.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.