Тәуелсіздіктің 29 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай республика көлемінде «Uly dala eliniń urpaqtary» атты ұлттық мәдениетті ұлықтаған ауқымды фестиваль басталды.

Қостанай қаласындағы «Жұлдыз» домбырашылар студиясының өнерпаздары ұстазы және студия жетекшісімен
Тақырыбының өзі «сөйлеп» тұрғандай, бұл фестивальді тәуелсіз елдің еркін ұрпағының мерекеге тартуы десек те болғандай. Елімізде орын алған ахуалға байланысты фестиваль онлайн форматта ұйымдастырылды. Республика бойынша қатысуға ұсыным білдірген өнерпаздар дайындаған туындыларын бейнежазбаға түсіріп, ұйымдастырушыларға жолдады. Еліміздің өңірлерінің ең дарынды деген өнерпаздары «бас қосқан» ауқымды шарада барлығы 21 нөмір ұсынылған. Оның ішінде қазақтың халық әндері мен патриоттық рухты дәріптейтін әуендер, ұлттық бояумен өрнектелген билер, сондай-ақ аспаптар ансамбльдерінің орындауындағы танымал күйлер тағы бар.
Алматы қаласының өнерпаздары ашатын фестиваль аясында еліміздің әр өңірлерінен, Нұр-Сұлтан, Семей, Өскемен, Орал, Петропавл, Ақтау, Тараз, Қостанай, Рудный, Арқалық қалалары мен Қостанай облысының Алтынсарин, Қарабалық, Федоров аудандарынан бейнематериалдар келіп түскен. Осы тұста Қостанай қаласынан өнер көрсететін «Жұлдыз» домбырашылар студиясының фестиваль барысындағы түсіріліміне қатысу мүмкіндігіне ие болдық. Дайындығы сақадай-сай болған шәкірттерінің өнерін «Жұлдыз» студиясының аға оқытушысы Арыстанбай Өмірзақов қатаң бақылап, назарда ұстап отырды.
«Жұлдық» студиясының құрылғанына биыл 5 жыл. Аз уақыт болса да өнерпаздардың жеткен биігі аз емес. Ұлттық аспабымыз домбыраға қызығушылық танытып, «құлағында ойнамын» деген ниетпен барған қатысушылардың саны да бүгінде жүзге жеткен. Репертуарында 40-қа жуық қазақ халқыны күйлері бар аталмыш студиясының негізін қалаушы Айгүл Тимербекованың айтуынша, шәкірттерінің осы уақыт ішінде жеткен биігі мақтануға тұрарлық. Олар Қырғызстан, Ресейдің Санкт-Петербург, Еуропа елдерінен Париж төрінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болған. Карантин жағдайына байланысты балалардың денсаулығын сақтау мақсатында шетелге шыға алмаса да, келер жылы өзіміздің Түркістан қаласына барып, өнер көрсетуді жоспарлап отыр.
Апта соңында аяқталатын фестиваль нәтижесінде өнерпаздар жолдаған барлық бейнематериалдар біріктіріліп, Қазақстан халқы Ассамблеясының You Tube бейнехостингіндегі каналында жарияланатын болады. Қатысушылардың барлығы онлайн дипломдар мен Алғыс хаттармен марапатталмақ.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген
Әнуар БҰҚАБАЕВ
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.