«Западный» кітапхана-филиалында Наурыз мерекесіне орай «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей оқушыларымен «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» атты салт-дәстүр сағаты өтті.
Кітапханашы оқушыларға ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтап, дәріптеуге және мерекенің шығу тарихы туралы толық түсінік берді. Балаларға Ұлыстың ұлы күнінде қайта еске алатын қазақтың «Қырқынан шығару», «Бесік той», «Тұсаукесер», «Сырға салу», «Бет ашар», «Қыз ұзату», «Құда түсу» салт-дәстүрлері туралы айтылып, «Бесікке салу», «Селт еткізер» дәстүрлері көрсетілді.
Іс-шарамыз әрі қарай ұлттық ойындарымен жалғасып, оқушылар «Асық ойыны», «Сақина шық», «Қол күрес» ойындарын ойнап, өнерлерін ортаға салып, күш сынасып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Одан бөлек Наурыз мерекесіне арналған көрме дайындалып, балаларға сыйлық таратылды. Ұлыстың ұлы күнінде ақсақалдарымыз бата беріп, ұрпақтың санасынан ата-баба дәстүрінің ұмыт қалмауын, ұлық мерекенің жалғасуын қалап, шынайы тілегін білдірді. Осылайша тағылымға толы салт-дәстүр сағаты батамен аяқталды.
Шолпан АБИЛЬТАЕВА,
«Западный» кітапхана-
филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.