Қазақтың ұлттық ойындарын жаңғыртып, жас ұрпақтың қызығушылығын ояту, ұлттық құндылықтарды меңгертуге баулу мақсатында Амангелді ауданындағы «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында ұлттық ойындар турнирі өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Асығың алшысынан түссін!» тақырыбындағы турнирге мектеп оқушылары үлкен белсенділікпен ат салысты.
Іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Тәжин, аудандық спорт мектебінің басшысы Нұрлыбек Әбдіхалықов, аудандық білім бөлімінің бас маманы Сәрсенбай Құттығожин, аудандық аурухана қызметкері Ғалым Сағитов, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Бекболат Көптілеуов қатысты.
«Шұғыла» қосымша білім беру орталығының спорт үйірме жетекшілері ұйымдастырған турнирінде аудан мектептерінің 5-8 сынып оқушылары сынға түсті. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Нәтижесінде Ә.Боранбаев атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Елмаз Естияров І орынды, аталған мектептің 8-сынып оқушысы Әли Асан ІІ орынды, ал Амангелді орта мектебінің 5-сынып оқушысы Диас Хасан жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер орталығының
көркемдік жетекші,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.