Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра

Выпуск - №3(600)   :   26.01.2024
726

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының «Ұлттық өнер» бөліміне арналып көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының қалалық көрме-байқауы өтті.

Көрмеге қала және ауыл мектептерінің ортаңғы және кіші топ оқушылары қатысып, он саусағынан өнер тамған жас дарындардың қолынан шыққан 150-ге жуық қолөнер туындылары қойылды. Оқушылардың көркемдік талғамы мен ой еркіндігіне, шеберлігіне таңғалмасқа болмайды. Күрделі композицияға құрылған кейбір дүниелер тіпті бала емес, құдды тәжірибелі кәсіби шебер жасап шыққандай ерекше көз тартады. Балалар шығармашылығындағы жаңашылдықты қазылар алқасының мүшелері де атап өтіп, дарынды балалардың ішінде келешегінен зор үміт күттіретін шеберлердің аз емес екенін айтты.

Жас қолөнершілердің шығармашылыққа кең ойлап, креативті көзқараспен жол салып жатқаны байқалады. Кейбір балғындардың жасаған дүниесі бізді де тәнті етті. Бұл байқауға қатысқан оқушылардың бәрі болашақта шебер болмауы мүмкін, бірақ кемелі толысқан кәсіби маман болып қалыптасары анық. Байқауға шалғай ауылдардан келген жас шеберлердің де қолөнерге деген талабы мықты. Мысалы, А.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жанеля Буркетбай «Тоқыма бұйымдары» аталымы бойынша жүлделі І орын алса, «Қағаздан жасалған бұйымдар» аталымы бойынша І орынды Фурманов жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Шахназар Дүкенбай иеленді.

Қала мектептерінен №10 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Жандос Жақсылық пен Әділ Қабижан, Маргарита Матвеева, Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның оқушылары Омар Абдибек пен Айзада Айтбай, Кейкі Батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Інжу Жалбырова мен Дарья Лукьянованың жүмыстары үздік деп танылып, жүлделі орындарға ие болды. Байқау қорытындысы бойынша үздік бұйымдар іріктеліп, мықты шеберлер анықталды. Жүлдегерлерді қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлнұр Суинбекова марапаттап, қатысушылардың өнерін бағалап, төрелігін білдірген әділ қазыларға білім бөлімінің атынан Алғыс хаттар табыстады.


Ерлан АБДУАЛИЕВ,
Ботагүл ГАЗЕЗОВА,
Қосымша білім беру
орталығының педагогтері,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.