Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында Баян Баталова, Ләйлі Әби, Динара Қыпшақбаева, Инабат Жұматаева, Тазагүл Батурина және олардың шәкірттерінің «Ұлы дала өрнегі» атты көркемсурет көрмесі ашылды.
Музейге келушілерге авторлардың жеке шығармашылық дарынын паш ететін ерекше әсерлі көріністері бар, техникалық орындау шеберлігі мен түстердің ұтымды үйлесімінен құралған сан түрлі туындылар ұсынылды. Суретшілердің еңбектерін ұлттық көркемдік дәстүрлер мен оның қайнар бастауларына сүйенген ортақ тақырып тоғыстырады. Көрменің «Ұлы дала өрнегі» аталуы да осыдан.
Шығармашыл шоқжұлдыздар қатарында ерекше орын алғандардың бірі – көрменің белсенді бастамашыларының бірі, атақты қостанайлық суретші-мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Баян Баталова. Ал Ләйлі Әби, Динара Қыпшақбаева, Инабат Жұматаева және Тазагүл Байтурина – ұстаздық қызметін шығармашылықпен ұштастырып жүрген жас буын суретшілер. Экспозицияда авторлардың шәкірттерінің де еңбектері ерекше орын алды.
Жас таланттардың туындыларынан бейнелеу өнерінің қарапайымдылығымен қатар күрделілігін шебер үйлестіргендері байқалады. Әрбір жұмыс көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлап, әлемге ашылған үйлесім мен жаңа леп әкелгендей әсер қалдырды. Шәкірттердің дарындылығы даусыз мойындалып, олардың шығармашылығы республикалық, облыстық және де аудандық деңгейдегі әртүрлі байқауларда бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болған. Мұның бәрі, әрине, тәжірибелі ұстаздардың еңбегі мен бағыт-бағдарының жемісі екені сөзсіз.
– Біз үшін бұл көрме – ортақ шығармашылық алаңы. Әрқайсымыз, мейлі ұстаз болайық, мейлі шәкірт болайық, өз қолтаңбамызбен қазақ өнерінің өрнекті кілеміне жаңа бір үлгі қосуды мақсат еттік. Мұнда тәжірибе мен шабыт, дәстүр мен жаңашылдық, шеберлік пен тың көзқарас тоғысып жатыр. Әрбір жұмыс – автордың жүрек түкпірінен туған жеке тарихы, өз тынысы бар туынды. «Ұлы дала өрнегі» – жай ғана көрме емес, ол – біртұтас шығармашылық үндестіктің көрінісі, – дейді көрмеге қатысушылар.
Сөз орайы келгенде айта кеткен жөн, «Ұлы дала өрнегі» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді. Келемін деушілерге есігіміз әрдайым ашық.
Сая КАЛИНОВА,
Қостанай облыстық
тарихи-өлкетану музейінің
бейнелеу өнері бөлімінің
меңгерушісі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.