Қыркүйектің екінші жексенбісі – Халықаралық отбасы күні. Биыл мереке қарсаңында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде «Ұстаз ұлағаты» атты кездесу өткізіліп, кітаптың тұсауы кесілді.
Немересі Асхат Балуановтың «Асыл әже» әнін шырқау сәті
Даланың дара ұстазы Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай өткізілген шарада өмірін ұстаздық қызметке арнап, өз ортасында сыйлы, оқушыларына қадірлі педагог бола білген Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Сақыпжанова Қамида Сақыпжанқызының ғибратты ғұмыры сөз болды. Кешке арнайы қатысқан Қамида апамыздың ұрпақтары: балалары, немерелері, шөберелері, туысқандары және тәлім алған шәкірттері Қамида Сақыпжанқызы жайлы естеліктерімен бөлісті.
Кездесу барысында Сақыпжанова Қамида Сақыпжанқызының ұстаздық қызметі жайында «Жарқын бейнелері жадымызда» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті. Кітаптың авторлары апалы-сіңлілер, Қамида Сақыпжанқызының үш қызы –Сұлушаш Қожахметова, Зәуреш Станкина және Кенжекей Бектасова. Жалпы кітап 60 дана болып басылып шыққан. Шара барысында алғаш болып сөз алған ұлағатты ұстаздың үлкен қызы Сұлушаш Қожахметова жиналғандарға әуелі алғыс айтып, сөзін бастады:
– Ойымызда болған, есімізде қалған өмірінің кезеңдерін кітап етіп шыраруға тырыстық. Әуелі жаза бастағанда маған хатшы болған өзімнің немерем Әйгерім Қожахметова. Ол орыс мектебінде оқыса да, жазбаларымды компьютерге қазақ тілінде теріп берді. Ата-анамыз қарапайым отбасынан шыққан. Екеуі де педагог. Әкемді «аға» дейтінбіз. Ағам 1938 жылға дейін Кеңес әскерінің қатарына алынғанша математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Апам 16 жасынан бастап зейнетке шыққанша өзінің таңдаған мамандығын орындап шықты. Бұдан қызметіне деген адалдықтың бейнесін көреміз. Екеуі де қоғамдық жұмыстарға белсенді болатын, – дейді.
Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Манатбек Қадіров
Іс-шарада Сақыпжанова Қамида Сақыпжанқызы жайында мағлұмат беріліп, қыздары, ұстаздың әріптестері М.Керейбаева, Ұ.Төкешева сөз сөйледі. Камида Сақыпжанқызының немересі Асхат Балуанов тамылжыта «Асыл әже» әнін шырқап, шөберелері Алихан мен Алиана ата мен әже жөнінде мәнерлеп өлеңдерін оқыды. Мәдениет саласының үздігі, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Манатбек Қадіров жиынға жан кіргізіп, қазақтың қара домбырасымен Н.Наушабаевтың «Көкенай», «Молдабайдың» әндерін шырқап берді.
Тағылымға толы шараның соңында Кенжекей Бектасова сөз сөйлеп, мұражай ұжымына алғыс білдірді, ал Қуантай Қаражанов қария жастарға ақ батасын берді. Шара кітаптарды жиналғандарға таратып, естелікке суретке түсумен аяқталды.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.