Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
20/09/26 Воскресенье

Жаңа жыл қарсаңындағы қуаныш

Выпуск - №48(696)   :   26.12.2025
953

Облыс орталығындағы «Жастар сарайында» Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен жаңа жылдық шырша өтті.

IMG 9647

Мерекелік кеште 9 бен 13 жас аралығындағы 200 бала бас қосты. Олардың қатарында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, батыр-балалар мен волонтёр-балалар, сондай-ақ облыстың барлық өңірлерінен келген дарынды оқушылар мен балалардың өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары болды. Іс-шара барысында Қостанай облысының әкімі балаларға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласы мен жүрекжарды лебізін жеткізді.
Артынша қаламыздың үздік балалар шығармашылық ұжымдары әсерлі мерекелік қойылым көрсетіп, интерактивті ойындар ұйымдастырды. Айрықша әсемдікпен безендірілген зал ертегі кейіпкерлерінің өнерімен мағынаға толып, балаларға шаттық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді. Президенттік шыршаға шақырылған әрбір балаға заманауи ұялы телефон, «Волшебное путешествие по стране Казахстан» кітабы мен тәтті сыйлықтар табысталып, олар үшін жаңа жылдық кештің жарқын естелігіне айналды.

IMG 9639

IMG 9626

IMG 9618

IMG 9644

IMG 9617

– Мен үшін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Президенттік шыршаға қатысу үлкен бақыт және қуаныш. Бұл – әр баланың арманы деп ойлаймын. Құрметті Құмар Іргебайұлы, сізді және барша жерлестерімді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Сізге осындай мүмкіндік беріп, керемет көңіл-күй сыйлағаныңыз үшін өз атымнан және барша балалардың атынан алғысымды білдіремін. Біз, жас ұрпақ, еліміздің жарқын болашағы үшін жақсы оқып, үлкен мақсаттарға жетуге уәде береміз. Әр бала бейбіт аспан астында бақытты болсын, – деді Естай Есжанов атындағы №9 ЖББМ 4-сынып оқушысы Інжу Жетпісбаева.

IMG 9609

– Бұл мерекеге қатысуым – Жаңа жыл қарсаңындағы ең керемет сыйлық болды. Мен футбол ойнаймын. Ол маған футбол алаңында ғана емес, сабақ барысында да темірдей тәртіпке үйретті. Биыл мен ағылшын тілінен олимпиадаға қатысып, бірінші орынға ие болдым. Енді облыстық кезеңде жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орын аламын деген сенімдемін. Осы сәтті пайдалана отырып, барлық қатарластарыма жоғары жетістіктер, армандарының орындалуын, ең бастысы денсаулық тілеймін, – деді Сарыкөл ауданындағы Тимирязев ЖББМ 5-сынып оқушысы Андрей Комаров.

Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!