Жаңару мен жаңғырудың бастауы

Выпуск - №12 (459)   :   26.03.2021
483

Төрт түлік түлеп, төрткіл дүние жаңаратын Ұлыстың ұлы күні, әз Наурыз – қазақ халқының төл мерекесі. «Ақ түйенің қарны жарылатын» ырысты да ынтымақты тойымызды облысымыздың білім мен тәрбие ошақтары ерекше атап өтті.

«Белоснежка» балабақшасының «Балапан» тобы Ұлыстың ұлы күнін тойлауға айтарлықтай ат салысты. Қазақ тобы болып саналғанмен, бұл топ бірнеше ұлттың бүлдіршіндерін тәрбиелеуімен ерекшеленеді. Атап айтар болсақ, бұл топта түрік, тәжік, украин, орыс ұлтының бүлдіршіндері бар. Бірлік пен ынтымақ мерекесін орыс тілінде тәлім-тәрбие алатын «Солнышко», «Василёк», «Радуга» топтары да бірлесе тойлауға қызу кірісті.
Әр топ қолынан келгенінше қазақтың дәстүр-салты мен әдет-ғұрыптарынан бір-бір үзінді келтірді. Мысалы, «Балапан» тобы – «Бесік салар», «Солнышко» тобы – «Қырқынан шығару» салтын көрсетті. Қалған топтар «Ат қою», «Тұсау кесер» секілді рәсімдерді ұсынып, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған балабақша екенімізді сезіндіре алды.
Балабақшамыздың басшысынан бастап, тәрбиешілермен бүлдіршіндерімізге дейін әз Наурызды тойлауға белсенді қатысты. Әсем әуен, қазақша би мен ою-өрнек, ұлттық аспап, ұлттық нақыштағы киімдермен безендірулер осы бір мейрамды ұмытылмастай етіп атап өтуге әсерін тигізді. Молынан жайылған ақ дастарқандағы ұлттық тағамдар да қазақтың молшылығын суреттегендей болды. Мейрамды осылайша кең көлемде атап өтуіміздің себебі – бүлдіршіндердің бойына қазақи құндылықтарды сіңіру.


Айгүл АХМЕТ,
«Белоснежка» б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы


Шығыс халықтарының төл мерекесі Наурызға ат салысып, №3 бөбекжай-бақшасының ұжымы да тәрбиеленушілерімізге Наурыз тойы туралы мәлімет беріп, дәстүрлі ойындар ойнатып, атап айтқанда ойыншық аттарға мініп қыз қуу, сақина салу, арқан тарту, теңге салу сияқты ойындар және қыздар «Қамажай», ұлдар «Қара жорға» билерін билеп, әндер айтылды.



Кеш соңында ата-аналар дайындаған дастарқанға жайғасып, ұлттық тағамдар – бауырсақ, наурыз көжеден дәм таттық. Сөйтіп жас ұрпақты тәрбиелеуде өзіміздің салт-дәстүрімізді насихаттап, оларды өз халқын сүюдің үлгісін сөз жүзінде емес, ісіміз арқылы көрсетіп, бүлдіршіндерді өз елінің патриоты болуына қанатымен су сепкен қарлығаштай үлесімізді қостық.


Айнаш КУЛМАНОВА,
№3 б/б әдіскері,
Қостанай қаласы

Қостанай қаласындағы «Ақ Желкен» бөбекжай-бақшасындағы мектепке даярлық «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілері арасында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты Наурыз мейрамына орай мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды.



Іс-шара барысында балаларға көктем мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыра отырып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар насихатталды. Ең алдымен, балаларды қызықтыру үшін Наурыз қыз, Жер ана, От ана, Ару күн, Алдар көсе кейіпкерлерін шақырдық. Балалар кейіпкерлерге өнерлерін көрсетіп, «Наурызым» әнін шырқап, қазақтың ұлттық биін биледі.
Артынша қазақтың ұлттық ойындары асық ату, орамал тастау ойындарын ойнады. Ұлттық өнерді насихаттау, қазақылықты бойларына сіңіру мақсатында қызымыз Ясина Айтпаева мен ұлымыз Архат Байтуха өзара айтысып, қыз бен жігіт айтысынан көрініс берді. Наурыз мейрамы балаларға шаттық, қуаныш әкелді. Балалардың ұлттық құндылыққа деген қызығушылықтары оянып, мерекеде белсенділік танытты.

Ақерке БАКЕШОВА,
«Ақ Желкен» б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы
 

Наурыздың 17-сі – «Тарихқа тағзым күні» болып бекітілгені мәлім. Соған орай психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің балалары мен педагогтер Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Науырзым аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесіндегі мұражайға саяхат жасады.
 



«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан басшылары халқымыздың құнды мұрасы, Қарақалпақстаннан алып келген киіз үйді көпшілік көрсін деген ниетпен марқұм Ертай қажы Балахметовтың баласы Әлішерден құнды жәдігер ретінде қабылдап алды. Бұл – кезінде хан, билер отырған киіз үй. Ал ішіндегі ши, тұс кілемдері, тұс киіздері Қарақалпақстанда дүниеге келген, бүгінде Рудный қаласында тұратын Қаламқас әжемізге арнайы тапсырыспен тіктірілген.
Киіз үй сегіз қанатты. Ал сылмақтары мен кілемдердің барлығын, яғни жалпы ішіндегі әбзелдер тек Қазақстан аумағынан ғана емес, Моңғолия, Қарақалпақстан жерлерінен де алынған. Мұражай туралы толық мәліметті Науырзым аудандық мәдениет үйінің қызметкері Мейрамкүл Балғабай берді. Қызықты өткен саяхатқа балалар риза болып, мұражай қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Жанат БОЗЖІГІТОВА,
Психологиялық-педагогикалық
түзеу кабинетінің әдіскері,
Науырзым ауданы

Наурыз мерекесіне орай «Жұпар» бөбекжай-балабақшасының ересек «Ертөстік» тобында «Армысың, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті.

Шара барысында халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, мейрамның айшықтарын ашып көрсетіп, балалардың көңіл-күйін көтеруді көздедік. Балалар өз өнерлерін ортаға салды. Би билеп, ән айтып, қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеді. Халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі – айтыс өнерінің үлгісін Алдияр Достияр мен Аяжан Әлібекқызы көрсетті. Артынша мерекелік дастарқан жайылып, балалар Қыдыр атаның батасын алды.

Салтанат АБДИБЕКОВА,
«Жұпар б/б тәрбиешісі,
Амангелді ауданы

 

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.