Дәл осындай атауда Алматы қаласында «Talantty jastar» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық онлайн өнер-білім байқауы өтті.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған атаулы байқауға Амангелді ауданындағы «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Мәнерлеп оқу» дауыс және дикция үйірмесінің жетекшісі Айдос Қызыриновтың шәкірті бақ сынады. Амангелді орта мектебінің оқу озаты, көркем сөз оқу шебері Карина Сүндетқызы халықаралық өнер-білім байқауына Хамитбек Мұсабаевтың «Тәуелсіздік толғауы» атты өлеңін нақышына келтіріп оқып, сапалы түсіріп, бейнеролик арқылы жіберді. Өнер байқауының нәтижесінде Карина бас жүлдені иеленді.

К.Сүндетқызы бұл байқауға дейін де бірнеше рет бас жүлде иеленген. ҚР Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты аудандық байқаудың «Мәнерлеп оқу» аталымы бойынша бас жүлдені, Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Алаш өнер орталығы» ұйымдастыруымен XI Халықаралық «Alash star» өнер байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша бас жүлдені, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын Хамитбек Мұсабаев шығармашылығына арналған «Хамитбек Мұсабаев оқулары» атты аудандық мәнерлеп оқу сайысында бас жүлдемен қанжығасын майлады.

Жетекшісі Айдос Жаңайұлы Қостанай қаласындағы тіл маманы бойынша жоғары оқу орнын аяқтап, туған жері Амангелді ауданына келіп, оқушыларға көркем сөз оқуға, дауыс және дикцияны үйретіп жүрген жаста болса тәжірбиелі жас маман. Оныңда еңбегі еленіп, өнер-білім байқауының өтуіне үлес қосып, шәкіртіне жоғары нәтиже көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпазды жеңісімен құттықтай отырып, алар асуы көп болсын деп тілейміз.
Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығы көркемдік жетекші,
Амангелді ауданы
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!