Оқу-ағарту министрлігі Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағымен бірлесіп республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысын ұйымдастырды. Оған еліміздің 20 өңірінен 12-18 жас аралығындағы 22 жас ақын қатысты.
«Егемендігім – елдігім» тақырыбында өткен айтыстың қорытындысы бойынша Арқалықтық жас ақыны Нурислам Рагатов жүлделі 3-орынды иеленді. Нурислам Б.Майлин атындағы №3 ЖББ мектептің 9-сынып оқушысы. Айтыс өнеріне 10 жасында келген. Жас болса да, облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысының төрт дүркін жеңімпазы. Ал, былтыр «Ақберен» республикалық айтысында Гран-при жеңіп алған. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз сөзінде айтыс – ұлттық құндылықтарымызды ақындық өнер арқылы жас ұрпаққа насихаттау ғана емес, оқушыларды адал, саналы, жасампаз азамат ретінде тәрбиелеудің рухани құралы екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында айтқан маңызды мақсаттарының біріне қол жеткізу үшін министрлік жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар, патриотизм мен еңбекқорлық қағидаттарына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Кез келген елдің бірлігі мен өркендеуі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеуге байланысты. Айтыс – өнер сайысы ғана емес, жастарымыздың шығармашылық, рухани-мәдени әлеуетін дамытатын, эстетикалық тәрбие жүйесін жетілдіретін маңызды алаң, – деді министр.
Республикалық оқушылар айтысында жүлдеген атанған Нурисламды құттықтай отырып, алдағы айтыс алаңдарына тек шабыт пен жеңіс серік болсын дейміз. Өнерде өрлеп, биіктерге самғай бер!
Қостанай облысы
білім басқармасының
баспасөз қызметі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.