«Жас ақынның төлқұжаты»

Выпуск - №16 (513)   :   28.04.2022
447

Осындай тақырып аясында Қостанай қаласындағы Н.Островский атындағы кітапханада «Толқын» шығармашылық студиясының белсенді мүшесі, жас ақын Рахат Сейтқанмен поэзия сағаты өтті.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған іс-шара барысында көрермендер Рахаттың өмір жолымен және шығармашылығымен таныс болды. Жас ақын бүгінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика мамандығының 2-курс студенті.

Кеш қонағының киелі поэзия әлемінде өзіндік үн мен сырға толы, оқырман қауымды елең еткізер өлеңдерін «Толқын» шығармашылық студиясының жастары және «Тұмар» өнерлі жастар клубының мүшелері Балауса Жүніс, Гүлсезім Еркінбайқызы, Асылхан Сайлаубаев нақышына келтіре оқып берді.

Іс-шара барысында ән айтылып, би биленіп, Тайлан Аңсағановтың домбырасының қос ішегінен күмбірлеп күй төгілді. Кеш соңында жас та болса, білімі мен қасиетті қаламын қатар алып жүрген Рахатқа алдағы уақытта шығармашылығың өрлей берсін, қаламың мұқалмасын деген игі тілектер айтылды.

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!