Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
24/08/26 Понедельник

Жас дарын – байқау жеңімпазы

Выпуск - №48(596)   :   23.12.2023
537

Қостанай қаласындағы NIS-тің 7-сынып оқушысы Дархан ҚАНАПИН күйші, композитор «Күй атасы» Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған Республикалық домбырашылар байқауында 1-орынға ие болып, лауреат атанды.

Жас шамасы 9-12 аралығындағы жасөспірімдер қатысқан байқау желтоқсанның 7-9 күндері Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғимаратында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің қолдауымен өтті. Ұлтымыздың қос ішекті аспабының жарысына еліміздің барлық облысынан келген 80-ге жуық мықты жас домбырашылар қатысты. Екі күнге жалғасқан сайыстың салтанатты жабылуында лауреаттар сахна төріне шығып, бір күйден ойнап шықты. Кіші топтан шыққан оқушымыз Дархан Қанапин жалғыз өзі 1-орынға ие болып, лауреат атағын жеңіп алды.

– Менің арғы атам – Қанапия, өз атам – Ғалымбек те домбыра тартқан. Әкем мен ағам да домбыраға жақын. Өз басым 4 жасымнан бастап әкемнің алдында отырып, домбыра тарта бастадым. Осы сайысқа мені музыкалық мектептегі ұстазым – Алмагүл Мұратқызы дайындады. Байқау қатты ұнады. Әкем мен анама, бауырыма, музыкалық мектептегі ұстазыма алғысымды білдіремін, – деп бөлісті жас талант Дархан.


Абылай ҚАСЫМОВ,
Қостанай қаласындағы
NIS баспасөз хатшысы

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!