Амангелді ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында ұлттық өнерді ұлықтаған ІІ облыстық «Қанатты домбыра» байқауы өткізілді.
Өнер додасы жас таланттардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, қазақтың күй өнерін кейінгі буынға насихаттауға да бағытталды. Биылғы байқау қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілдерінің мерейтойларымен сабақтасып отыр. Атап айтар болсақ, күй анасы атанған Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл, Торғай өңірінің мәдениетіне елеулі үлес қосқан музыкант Төкен Елтебаевтың 90 жылдығы, дәулескер күйші Башарин Қажығалиевтің 90 жылдығы және күйші-композитор, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Айтбай Мұздахановтың 85 жылдығы аясындағы байқаудың маңызы ерекше болды.
Іс-шараның шымылдығы жас қолөнер шеберлерінің көрмесімен ашылды. Ұлттық нақыштағы бұйымдар қойылған көрме қонақтардың қызығушылығын тудырып, халқымыздың бай мұрасын танытты. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Амангелді ауданының әкімі Қанат Кеделбаев ұлттық өнердің ұлт руханиятындағы орнына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Домбыра мен қобыз – халқымыздың жаны, тарихы мен тағдыры. Осындай байқаулар арқылы жастардың ұлттық өнерге деген құрметі артып, рухани сабақтастық жалғасын табады. Бүгінгі жас күйшілер – ертеңгі өнердің жанашырлары», – деді аудан әкімі.
Өнер сайысына Қостанай және Арқалық қалаларынан, сонымен қоса Алтынсарин, Жангелдин, Науырзым, Қарасу, Әулиекөл және Амангелді аудандарынан келген дарынды балалар қатысты. Қатысушылар қазақ күй өнерінің таңдаулы туындыларын орындап, шеберліктерін ортаға салды. Байқау 8-10 жас, 11-13 жас және 14-17 жас аралығындағы үш топ бойынша ұйымдастырылды. Қазылар алқасының құрамында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор Анар Мұздаханова, Рудный музыкалық колледжінің қобызшысы Баян Белгібаева және Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері Гүлшат Молдабаева болды. Мамандар қатысушылардың орындаушылық деңгейіне, сахна мәдениетіне және шығарманы жеткізу шеберлігіне кәсіби тұрғыда баға берді.
«Жас өнерпаздардың дайындық деңгейі жоғары. Әсіресе, олардың күйдің мазмұнын сезініп орындауға деген талпынысы қуантады. Осындай бағыттағы байқаулар ұлттық өнердің болашағын айқындайды», – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Мақпал Мұхамбетова. Тағылымға толы байқаудың қорытындысында үздік өнерпаздар Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының грамоталары және арнайы сыйлықтарымен марапатталды. «Қанатты домбыра» байқауы ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеп, жас таланттарға шабыт сыйлаған рухани мерекеге айналды.
Гүлім БАТЫР,
Әділет НҰРАБАЕВ,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика
мамандығының
4-курс студенттері
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.