Болашаққа бағдар – ұрпаққа қамқорлықтан басталады. Айсары жалпы білім беретін мектебінің жас инспекторларын қолдап, шәкірттердің айбынын асырар арнайы киім тіктіруге қаражат бөлген Қуаныш Бутановтың игі ісі – нағыз жанашырлықтың үлгісі.
«Нұр-Али» спорт және өнер мектебінің басшысы Қуаныш Каирбаевичтің бұл қолдауы – өскелең ұрпаққа деген үлкен қамқорлықтың жарқын көрінісі. Осынау игі іс балалардың бойында тәртіптілік, ұйымшылдық пен патриоттық сезімдердің қалыптасуына оң ықпалын тигізді. Сайысқа қатысқан оқушылар біркелкі, әдемі әрі ұқыпты тігілген киімдерімен көзге түсіп, жиынның көркін аша түсті. Бұл тек сыртқы көрініс қана емес, жас инспекторлардың жауапкершілігін арттырып, өз міндеттеріне деген құрметін нығайта түскендей.
«Ұстаз еңбегі – шәкіртке үлгі, директор қолдауы – үлкен демеу» демекші, Айсары жалпы білім беретін мектебінің директоры Назгуль Алимова оқушыларға қажет барлық жағдайдың жасалуына ықпал етті. Басшылықтың мұндай қолдауы оқушылардың сенімін арттырып, биік белестерді бағындыруға жігер береді. Сондай-ақ жас инспекторларға арнайы киім тігіп берген ұстазымыз Жанагуль Жумабаеваға және қол ұшын созған барлық әріптестерге алғысымды білдіремін.
Осындай азаматтардың арқасында бүгінгі жастар өздеріне сенімді болып, қоғамдық өмірге белсенді араласуда. Бұл – ел болашағына салынған маңызды инвестиция. Демеушілеріміз бен жанашыр ұстаздарымызға ризашылық білдіре отырып, игі бастамалар легі алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз. Игілікті істер көпшілікке үлгі болып, қоғамда жақсылықтың артуына сеп болары сөзсіз.
Саркын АБЕНОВА,
Айсары жалпы білім
беретін мектебінің
аға тәлімгері,
Қостанай ауданы
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.