Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернат қабырғасында Қостанай облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтті.
Биыл алғаш рет қолға алынған «Qazaq epos» ағартушылық жобасының облыстық байқауына қатысушылар Марабай эпосының нұсқасында «Қобыланды батыр» дастанын жатқа оқу бойынша сынға түсті. Бәсірелі шараға облысымыздың 18 аймағынан 6-10 сыныптың 20 оқушысы қатысты. Олар – аймақтық іріктеу кезеңдерден сүрінбей облыстық байқауға жеткендер. Үш кезеңнен тұрған байқау аясында оқушылар 132 беттен тұратын «Қобыланды батыр» эпосын жатқа оқып, мәтінде кездесетін архаизмдердің маңызын түсіндіріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мектеп бағдарламасының сұрақтарына жауап берді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Арқалық қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №1 орта мектептің 7-сынып оқушысы Қаракөз Далабай (ұстазы Айнұр Карбозова) 1-орынды қанжығалап, 150 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Жүлделі 2-орын мен 100 мың теңгеге №7 Рудный мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Нұрсила Адебова (ұстазы Нұргүл Ибраева), ал 3-орын мен 50 мың теңге жүлдеге Амангелді орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жантөре Төлебай (ұстазы Бақыткүл Уатканова) ие болды. Жеңімпаз атанған оқушыларды сайысқа дайындаған ұстаздары да сыйақыдан құр алақан қалмады.
– Сайысқа он ай көлемінде дайындалдық. Еңбегіміз еленіп, жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын. Кішкентайымнан әдебиетке деген қызығушылығым жоғары. Болашақта қара қылды қақ жарған журналист болғым келеді. Осы жетістікке жеткізген ұстазым Айнұр Ерденқызына және Арқалық қаласы білім бөлімінің әдіскері Сәуле Бадаеваға алғыс білдіремін, – дейді бірінші орын жеңімпазы Қаракөз Далабай. Осындай дарынды жастардың таудай талабына нұр жаусын дейміз.
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.