Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
09/11/26 Понедельник

Жауһар жырдың иесіне тағзым

Выпуск - №37(733)   :   24.09.2026
497

Сағыныштың сазын жырға қосқан ақын, аудармашы Кеңшілік Мырзабековтың 80 жылдығына орай «Іңкәр дүние» атты еске алу кеші өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қостанай облысының әкімі және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жауһар жырдың иесіне тағзым (1)

Еліміздегі көптеген беделді басылымда қызмет істеген Кеңшілік Ағытайұлының мерейтойлық кеші бір ақынды еске алу ғана емес, әдебиетімізге, руханиятымызға көрсетілген зор құрмет екені анық. Өнегелі жиынға арнайы қатысқан ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыс етті.
– Кеңшілік Мырзабек – қазақ поэзиясына айрықша қолтаңбасымен келіп, төл әдебиетімізді дамытуға елеулі үлес қосқан тұлға. Оның сыршыл жырларында туған жерге сүйіспеншілік, ел тағдырына деген жауапкершілік және адам болмысының терең иірімдері шебер суреттелді. ... Ақынның шығармаларын жинақтау, жан-жақты зерттеу баршамыздың ортақ міндетіміз. Сөз зергерінің есімі ел жадында сақталып, шоқтығы биік шығармалары халқымен бірге жасай беретініне сенімдімін, – делінген құттықтауда.
Соңғы жылдары Тобыл-Торғай өңірінің ақын-жазушылары халықтың назарында. Алаштың аяулы ақындары, мақтанышымызға айналған жерлестеріміз Серікбай Оспанұлы, Әсия Беркенова, Ақылбек Шаяхмет, Серік Тұрғынбекұлы сынды танымал тұлғалардың мерейтойы кең көлемде атап өтілді.

Жауһар жырдың иесіне тағзым (2) Құмар Ақсақалов

– Тобыл-Торғай өңірінен шыққан талантты тұлғалар аз емес. Кеңшілік Ағытайұлы қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, шығармашылық ғұмыры ізденіске толы қаламгер болатын. Соңында оқырман сүйіп оқитын жыр мұрасы қалды. Поэзия әлемінде туған жерді, елдің тарихын, адамның жанын терең жырлап өтті, – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
Сөз зергерінің сыршыл поэзиясы жылдар өтсе де құндылығын жоғалтқан емес. Туған жерге деген шексіз махаббаты айқын сезілетін қаламгер Кеңшілік Мырзабековтің шығармашылығы жайында ел әдебиетінің ардақты өкілдері жоғары бағасын әлдеқашан беріп қойған.

Жауһар жырдың иесіне тағзым (3) Ғалым Жайлыбай

– Кеңшілік ағамыздың 60, 70 жылдығында үлкен баяндамалар жасаған, соңына ерген, сол мектептің түлегі атанған, тәрбиесін көрген інілерінің біріміз. Кеңшілік – ұлттың ақыны. Ол 45 жасқа жетер-жетпес ғұмырында осындай биікке көтерілді. Кез келген өлеңін оқысаңыз, жаның жайлауға қонғандай, көңіл айдының шайқалғандай әсер аласың. Бала күнімізде әр жырын жатқа оқитынбыз. «Иман Жүсіп», «Қоянды жәрмеңкесі», «Біржан сал», «Сарытерек сағынышы» секілді үлкен поэмалар қалдырды. Сондықтан осындай тұлғаларды жиі-жиі еске алып тұру керек деп ойлаймын, – дейді ақын Ғалым Жайлыбай.
Кеңшілік Мырзабеков – қазақ әдебиетіне жауһар жырларымен өшпес із қалдырды. Оның тағы бір бақыты – әдебиетке өзінен кейінгі талантты ұрпақ, белгілі сыншы Амангелді Кеңшілікұлын әкелуі. Бүгінде әдебиет пен руханият мәселелерін терең зерттеп жүрген қаламгер – халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының лауреаты.

Жауһар жырдың иесіне тағзым (4) Амангелді Кеңшілік

– Кезінде айтылып, мақталып, кейін уақыт өте ұмытылып кететін ақындар болады. Бірақ, Құдайға шүкір, әкемнің аты ұмытылған жоқ. Дүниеден озғанына міне, 40 жылға жуықтаса да, есімі үнемі айтылып келе жатыр. Ол өзінен кейін үлкен әдеби мектепті қалыптастырды. Қазақ поэзиясына ұлттық нақыштағы мектеп әкелген Төлеген, Жұмекен сияқты ағалардың қатарында әкем Кеңшілік Мырзабеков те бар деп әрқашан есептеймін, – дейді Амангелді Кеңшілік.

Жауһар жырдың иесіне тағзым (5)

Биыл Торғай төрінде алғаш рет «Кеңшілік оқулары» ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Ақынның мұрасын ұлықтаған байқау жеңімпаздары мен Қостанай қаласындағы Абай атындағы №27 мектептің оқушылары Кеңшілік Мырзабековтың жырларын нақышына келтіре оқыды. Кеш барысында ақын сөзіне жазылған әндер де шырқалып, шығармашылық мұрасы насихатталды.

Аружан ҚАМБАРОВА,
Суретті түсірген:
Болат ҚАНАФИН

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.