Арқалық қаласындағы қосымша білім беру орталығында «Біртұтас тәрбие – ұлттық құндылықтар бастауы» апталығы аясында қалалық отбасылық «Жанұя» клубтарымен «Сырласайық, жеңеше» атты жеңге мен қайын сіңілі байқауы ұйымдастырылды.
Байқау арқылы ұлттық салт-дәстүрді қадірлеу, туыстық қатынас, қыз тәрбиесіндегі жеңгесінің алар орны мен рөлін көрсету көзделді. Байқауға төрт жеңге сұлу қайын сіңілілерімен қатысып, бақ сынасты. Халықтың мәдени мұрасын, салт-дәстүрін, отбасы мәртебесін нығайтуды мақсат еткен байқау төрт бөлімнен тұрды.
Алғашқы бөлімде жанұядағы жеңге мен қайын сіңілі арасындағы татулық пен бірлік көрініс тапса, екінші «Өнерлінің өрісі кең» бөлімінде тату жеңгелер өнерлерін ортаға салды. Келесі бөлімде жеңгелері қазақ халқының салт-дәстүрлерінен сахналық көрініс қойса, соңғы бөлімде қатысушылар қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақтарға мүдірместен жауап берді.
Байқау нәтижесінде, әділ қазылардың шешімімен, Қайыңды негізгі орта мектебінен қатысқан жеңгесі – Нұрдана Тұрысбек пен қайын сіңілісі – Айымжан Ораз жүлделі І орынды иеленді. Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептен қатысқан жеңгесі – Бакшагуль Сәулетхан мен қайын сіңілісі – Айзере Қабылжан ІІ орынмен марапатталды. А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиядан қатысқан жеңгесі – Куралай Туганбаева мен қайын сіңілісі – Айзере Қонысбай, сондай-ақ Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖББМ қатысқан жеңгесі – Айшагүл Қойбағар мен қайын сіңілісі – Сабира Сайлаубек үшінші орынды теңдей бөлісті.
Мерейлі байқау соңында барлық қатысушылар орталығымыздың мадақтамаларымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтар осындай ізгі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Инабат ЖӘМЕЛОВА,
Қосымша білім беру педагогі,
Арқалық қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.