«Жырдың алмас қылышы»

Выпуск - №48(645)   :   06.12.2024
697

image

Қазақ халқының мүддесі үшін күрескен ХІХ ғасырдың көрнекті ақындарының бірі – Махамбет Өтемісұлы. Ұлттың рухын жырлаған ақынның туғанына 220 жыл толуына орай, мақала тақырыбымен аттас көркемсөз оқу байқауы ұйымдастырылды.
Махамбет өзінің көсемдік болмысымен, терең білімімен және заманының ағымын жетік түсіне білген қасиеттерімен ерекшеленді. Ол тек ақын ғана емес, орыс, татар, араб тілдерін меңгерген білімпаз, елінің мұңын жырлаған қайраткер тұлға болды.

Байқауда қала және ауыл мектептерінен қатысқан 14 оқушы ақынның жырларын нақышына келтіре оқып, шеберліктерін көрсетті. Қазылар алқасы әр қатысушының өнерін әділ бағалап, жүлдегерлерді анықтады. Қала мектептерінің оқушылары арасында үздік деп танылғандар – ІІІ орынға ие болған Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның оқушысы Асыл Галихан, ІІ орын алған А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Інжу Берікқызы және І орынды иеленген №10 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Уәли Шәмбіл.

Ауыл мектептері бойынша ІІІ орынды Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектептің оқушысы Каусар Қамбар мен Аңғар негізгі орта мектебінің оқушысы Айзере Жұмабай иеленсе, ІІ орын А.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Жания Кәрім мен Көктау негізгі орта мектебінің оқушысы Дария Әментайға берілді. Ал, Қайыңды негізгі орта мектебінің оқушысы Айзере Абат бас жүлдеге лайық деп танылып, І орынға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қосымша білім беру орталығының мадақтамалары мен естелік сыйлықтары табыс етілді. Мұхтар Әуезовтың: «Бүкіл XIX ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей жырлаған ақын болған емес. Алды да, арты да бір өзі», – деген сөзі ақын мұрасын терең түсініп, бағалаудың мәнін аша түседі. Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы ешқашан ұмытылмай, ұрпақтан-ұрпаққа рухани байлық ретінде жетіп, оның есімі ел есінде мәңгі сақталатыны сөзсіз.

Жазира ТОНАШИНА,
Қосымша білім беру педагогі,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.