Қостанай қаласындаңы «Мирас» мәдениет үйінің бірінші филиалында Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай ұстаз бен шәкіртінің шығармашылығын насихаттаған «Жұлдызды дуэт» байқауы өткізілді.
Өнер додасына №15 мектеп, №122 мектеп және балалар аула клубының ұстаздары мен оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. Атап өту керек, іс-шараға №115 мектепте өткізілген мектепішілік «Екі жұлдыз» байқауының жеңімпаздары Ерік Құрымбаев пен қызы Егінбай Сәмия Ерікқызы қонақ ретінде келіп, ән шырқап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған байқау нәтижесінде 1-орынға Индира Мукашева мен оқушысы Арнұр Қуандық, 2-орынға Жадра Кадырбекова мен оқушысы Владислава Зотова, сондай-ақ Аружан Кенжегали мен оқушысы Адель Сейтжан ие болды. Ал жүлделі 3-орынды Алтын Бигазина мен оқушысы Дильнас Кирибаева және Любовь Черкасская мен оқушысы Евангелина Юшко теңдей бөлісті. Байқау жеңімпаздары естелік сыйлық пен мақтау қағазымен марапатталды.
Динара АБСАДЫКОВА,
Шолпан ЖАБАЕВА,
«Мирас» қалалық
мәдениет үйінің бірінші
филиалының қызметкерлері,
Қостанай қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.