Жүрекпен көретін сұлулық

Выпуск - №40(688)   :   24.10.2025
252

1

15 қазан – халықаралық Ақ таяқ күні. Осы атаулы күнге орай, Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Мисс Ақ таяқ-2025» байқауы өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған бұл байқау нәзік жандылардың сұлулығын ғана емес, олардың қайсарлығын, өмірге деген махаббатын және рухани биіктігін паш етті.

Іс-шараны «Мир нашими глазами» қоғамдық бірлестігі мен Л.Н. Толстой атындағы облыстық кітапхана ұжымы бірлесе ұйымдастырды. Зал іші мерекеге сай безендіріліп, қонақтарды нәзік әуенмен қарсы алды. Іс-шараның басы-қасында жүрген Анастасия Степанованың айтуынша, бұл байқаудың мақсаты – зағип оқырмандарды кітапхана өміріне белсенді тарту, олардың бойындағы талант пен өнерді көпшілікке таныту. Байқауға әртүрлі жастағы алты ару қатысып, өздерінің шығармашылығы мен өмірге деген ерекше көзқарасын ортаға салды. Қатысушылар – тағдыр сынағына мойымай, үнемі алға ұмтылып жүрген жандар. Бірі өз өмір жолын баяндап, жүректен шыққан сөздерімен елді толқытса, бірі өлеңмен өрілген өмір философиясын жеткізді.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. «Креативті визитка» атты алғашқы кезеңде әрбір қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымын әсем сөздермен өрнектеді. Олардың әр сөзі әр қимылы – шынайылық пен адамгершіліктің көрінісіндей болды. Екінші кезеңде сахна нағыз кулинарлық шеберліктің алаңына айналды. «Кулинарлық турнир» деп аталған бұл бөлімде қатысушылар өз қолымен дайындаған тағамдарын таныстырып, қазылар алқасына ұсынды. Тәтті тоқаштың хош иісі зал ішін жайлап, көрермендердің тәбетін ашты. Кейбір қатысушылар тағамдарын балалық шақтағы жарқын естеліктерімен байланыстырып, ерекше әсер қалдырды. Осы бір сәт – дәм мен шабыттың, ең бастысы, жүректің тоғысқан шағы еді.
Үшінші – «Шығармашылық сайыс» кезеңі сахнаны нағыз өнер алаңына айналдырды. Анна Грачева әсерлі әуенімен көрермендерді баураса, Галина Ломова би билеп, нәзік қимылдарымен көпшіліктің назарын өзіне аудара білді. Осы кезеңде қатысушылардың бойынан өмірге деген құштарлық пен рухани биіктік айқын байқалды. Көрермендердің қошеметі мен қолдауы байқау бойы толастамады. Әр қатысушының ішкі жарығы мен мейірімі олардың жүрегіне жол ашты.
– Қазір мен шығармашылықпен көбірек айналысамын, сондықтан мүмкіндігінше барлық іс-шараларға қатысуға тырысамын. Дайындық жақсы өтті, бірақ сахнаға шыққанда, әрине, толқу сезімі болды. Әсіресе шығармашылық кезең маған өте қатты ұнады, өйткені ән айтуды жақсы көремін, – дейді қатысушы Ольга Кучеренко.
Қазылар алқасы үшін шешім шығару оңайға соқпады. Себебі әр қатысушы дара, әрқайсысы өзіне тән ерекшелігімен көзге түсті. Десе де, байқау шарты бойынша бір жеңімпаз анықталды. Осылайша «Мисс Ақ таяқ-2025» өз иесін Наталья Гуляеваны тапты.
– Бүгінгі кеш ерекше, шынайы әрі әсерлі өтті. Қатысушылардың жеке оқиғалары, әсіресе отбасылары жайлы айтқан сәттері мені қатты толқытты. Мұндай іс-шаралар жиі өтуі керек деп ойлаймын. Өйткені, әрине, мүгедектігі бар жандар да – қоғамның белсенді мүшесі екенін бәріміз білуіміз қажет, – дейді кешке келген қонақтардың бірі Екатерина Байняшева.
Кеш соңында ұйымдастырушылар мен қонақтар қатысушыларға алғыс айтып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Ал қатысушыларға арнайы марапат пен Алғыс хат табысталды. Олардың әрқайсысы ерік-жігерімен, еңбегімен және мейірімге толы жүрегімен көпшілікке үлгі бола білді.

Аружан АНИСОВА,
Айгерім БАХИТБЕК,
ҚӨУ 3-курс студенттері,
Суретті түсірген:
Аида АЙДАРБЕК

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.