Жүректен туған ән, ғасырдан асқан әуен

Выпуск - №47(695)   :   19.12.2025
944

Көрнекті композитор, ел жадында сақталған «Ұстазым менің, ұстазым», «Қайдасыңдар, достарым», «Толқиды Тобыл», «Сағыныш екен бала кез», «Маржан қыз», «Ақ сәуле», «Аққуым» және т.б. танымал әндердің авторы, даңқты жерлесіміз, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің аталас туысы Әбілахат Еспаевтың туғанына биыл 100 жыл.

Осы атаулы күнге орай Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде «Ұстазым, менің ұстазым!» атты танымдық-сазды кеш ұйымдастырылды. Маңызды мәдени іс-шараға композитордың Алматы қаласында тұратын қыздары – Гүлмира мен Гүлсім Еспаевалар арнайы шақыртумен келіп, ата жұртымен қауышты.

фото 6 1(1)

Әбілахат Еспаев 1925 жылы қараша айының 25-інде Қостанай қаласының іргесіндегі қазіргі Қонай ауылында дүниеге келген. Әкесі Смағұл көзі ашық, көкірегі ояу, өнер-білімге жақын адам болса, анасы Зылиха домбыра тартып, ән салған екен. 1930 жылдардағы дүрбелең кезеңде әкесі жалғыз ұлының амандығы үшін Жамбыл облысының Меркі ауданына қоныс аударып, сол жақта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Табиғи дарындылық пен ата-анасының тәрбиесі жас Әбілахаттың өнерге деген құштарлығын арттыра түседі. Ол мектеп қабырғасында жүргенде-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Сапақовтың «Туған жер» деген өлеңіне ән жазған.
Мектепті 1942 жылы тәмамдай салысымен жас жігіт майданға аттанады. Соғыс кезінде жүрек тұсынан оқ тиіп, жарақат алса да, Отан алдындағы парызын бәрінен биік қойып, елге қайтпайды. Зеректігі мен білімге құштарлығының арқасында Ә.Еспаевты КСРО Қорғаныс министрлігі Могилев қаласындағы әскери училищеге оқуға жібереді. Ол бұл оқу орнын 1945 жылы үздік тәмамдап, біраз уақыт Кавказ аймақтық әскери академиясында дәріс береді. Әскери қызметте мансабы өсіп келе жатқанымен, көкірегін кернеген әуен маза бермейді. Қарт әкесі ұлының елге оралуын аңсап, И.В. Сталинге хат жазып, босатуды сұрайды. Осылайша елге аман-есен оралған Әбілахат кәсіби музыкант болуды мақсат етеді.

фото 6 1(2)

Осы арманы жетелеп, оны Құрманғазы атындағы консерваторияның композиторлық бөліміне алып келеді. 1951-1953 жылдары осында білім алады. Консерваторияда белгілі композитор Латиф Хамиди оның шығармаларын тыңдап, зор болашағын жоғары бағалап, ән жазуды жалғастыруға жігерлендіреді. Ал 1953 жылы Ә.Еспаев Қазақ радиосына музыкалық редактор болып қызметке орналасады. Осы тұстан оның композиторлық шабытының шырқау кезеңі басталады. Ол 300-ге жуық ән мен романстың авторы ретінде қазақ өнерінің алтын қорынан орын алды.
Композитордың өнердегі төлқұжатына айналған «Ұстазым, менің ұстазым!» әні – ұстаздар қауымына қойылған мәңгілік ескерткіш іспетті. Әбілахат Еспаевтың өзі де, әкесі де, жары Назым да осы ұлағатты ұстаздық жолды таңдаған. Бұл әннің өміршеңдігі – оның ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсарин рухымен сабақтастығында. Тарихына келер болсақ, 1960 жылы Алматыда өтетін мұғалімдердің республикалық конференциясына орай ұстаздар туралы жаңа ән қажет болғанда, белгілі әнші Жамал Омарова: «Бұл әнді тек Әбілахат Еспаев қана жаза алады», – деген екен. Кеңесе келе, бұл жауапты іс композиторға сеніп тапсырылады.
Ұстаз туралы өлмес ән жазуды мақсат етіп, композитор ұзақ ойға шомады. Сол сәтте бабасы, күллі қазақ халқының тұңғыш ұстазы Ы.Алтынсарин есіне түседі. Ұстаздардың ұстазы атанған Ыбырайға қатысты жырларды парақтай отырып, Балғожа бидің оқудағы баласына жазған хаты көзіне оттай басылады. Әсіресе соңғы шумақ жүрегін толқытады:
«Шырағым, мұнда жүрсең нетер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Теңтіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен не мұратқа жетер едің?!».
Осы жолдарды ыңылдап отырғанда әсем саз өзінен-өзі құйылып, әдемі ән дүниеге келеді. Өлең шумағын қағазға көшіріп алып, ақын Аманжол Шамкеновке ұстаздарға арналған әннің мәтінін жазу керектігін айтады. Ақын көп созбай, өлеңін жазып, ән бір күнде дүниеге келеді.
Музейде өткен танымдық-сазды кешіміз осы әнмен ашылып, оны Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушыларынан құралған хор орындады.
«Жақсының көзі, алтынның сынығы» демекші, Әбілахат Еспаев пен жары Назымнан тараған бес перзент – Сейітжан, Болат, Гүлмира, Гүлсім және Кәукен – ата-анасының тәлім-тәрбиесін лайықты жалғастырып келеді. Барлығы да жоғары білім алып, өз саласының маманы атанған. Іс-шара барысында Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов құттықтау сөз сөйлеп, композитордың ұрпақтарына сый-сияпат жасады.

фото 6 1(3)

Асыл ағаның өнегелі өмірі мен мол мұрасы жайлы әсерлі әңгіме өрбіп, әндері шырқалды. «Толқиды Тобыл» және «Әлі есімде» әнін Е.Өмірзақов атындағы филармонияның әншісі, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Парасат» орденінің иегері Манапбек Қадыров әуелетіп шырқаса, дәстүрлі әнші Сәуле Жұмабаева «Ақ сәулем» әнін әуелетті. Ә.Епсаев балаларға арнап көптеген ән жазған алғашқы композитор десек те болады. №24 бастауыш мектептің оқушысы Інжу Мұқит «Ортеке» әнін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

фото 6 1(4)

Өнегелі кеште ыбырайтанушы, белгілі ақын Серікбай Оспанов композитор жайында естелік айтса, драматург-жазушы Ақылбек Шаяхмет оның өмірі мен шығармашылығы туралы мақаласын оқып, белгілі композитордың есімін ұлықтау мақсатында Қостанай қаласында ескерткіш орнату немесе көше мен музыкалық мектепке оның есімін беру жөнінде ұсыныс білдірді.

фото 6 1(5)

Әбілахат Еспаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған тағылымды кештің жоғары деңгейде өтуіне демеушілік еткен ЖШС «SBS-Строй Проект» директоры Балтабай Жұмабаевқа, «Qazaq brand» ұлттық тағамдар дүкенінің директоры Гүлнұр Кәкімбекке, сонымен қатар «Хас шебер» қауымдастығының мүшесі, «ЖК Ералиева Г.В.» шеберханасының тігіншісі Гүлнұр Ералиеваға шексіз алғысымызды білдіреміз. Кеш соңында композитордың ұрпақтары Әбілахат Еспаевтың қолжазбаларын музей қорына табыстады.

фото 6 1(6)

Шынар ДОСМАҒАМБЕТОВА,
Ыбырай Алтынсариннің
Қостанай облыстық
мемориалдық музейінің
ғылыми қызметкері

Реклама

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».