Карбышев атындағы №14 мектептің 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жас мерейтойына арналған «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты әдеби сағатымыз өтті.

Іс-шара Шәкәрім өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, ішкі рухани тазалыққа үйрету мақсатын көздеді. Алдымен жиналғандарға Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы таныстырылды. Ол 1858 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Шәкәрімнің әкесі ерте қайтыс болып, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған. Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.
Құдайбердіұлы – поэма жанрында жемісті еңбек еткен қаламгер. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» атты поэмалар туды. Қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың «Eскендірі» мен «Масғұты» десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылары еді. Абай, ең алдымен, өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сыннан өткізіп отырды. Нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын көрініп жатады.
Шара барысында оқушылар Шәкәрімнің «Қош, жұртым», «Жастарға», «Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр», «Күн – атам, анық жер – анам» тақырыбындағы өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Арнайы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы, шығармашылығы жайлы жасалған буклеттер үлестіріліп, «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты бейнеролик, слайд көрсетілді. Жиын соңында ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылды.
Қарасын БАҚАЕВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхана қызметкері,
Рудный қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.