Ағартушы мұрасын ұлықтаған эко-жоба

Выпуск - №24(720)   :   19.06.2026
425

1

Қостанай ауданында қазақ халқының тұңғыш ағартушысы, педагог, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған «Дала қоңырауы – табиғатқа тағзым» атты этно-экофестивалі өтті.


Ауқымды іс-шараны Қостанай ауданының Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі Қостанай ауданының білім бөлімі және №1 Заречный жалпы білім беретін мектебімен бірлесіп ұйымдастырды. Фестиваль ашық аспан астындағы «Family парк» демалыс аймағында өткізіліп, оған ауданның 40 мектебінен 400-ге жуық оқушы мен педагог қатысты. Іс-шара ұлы ағартушының бай рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатын көздеді.

Ең алдымен қатысушылар Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейіне барып, ағартушы рухына тағзым етті. Мұражай қабырғасында өткен тағылымды кездесу барысында ұлы тұлғаның өмір жолы, ағартушылық қызметі мен халқына сіңірген еңбегі туралы айтылып, оның өнегелі мұрасы жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды. Одан әрі фестиваль бағдарламасы табиғат аясында жалғасын тапты. Қатысушылар өзара 13 командаға бөлініп, арнайы ұйымдастырылған 13 танымдық және шығармашылық станция бойынша тапсырмалар орындады. Әр станция Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы мен ағартушылық идеяларын насихаттауға бағытталды.

Мәселен, «Арт Дала» алаңында балалар ағартушының шығармалары негізінде суреттер салса, «Ыбырай Алтынсарин ізімен» станциясында өмір жолы мен педагогикалық қызметін Қазақстан картасы арқылы таныстырды. Нәтижесінде ұлт ұстазының ел тарихындағы орнын айқындайтын «Қазақстан мектептеріндегі Алтынсарин ізі» атты көрнекі карта жасалды. Ал ұлттық қолөнерге арналған алаңдарда қатысушылар қамшы өру, ұлттық әшекей бұйымдарын жасау, киізден панно дайындау технологияларымен да танысты. Бұл жұмыстар арқылы жастар халқымыздың мәдени мұрасы мен дәстүрлі өнерінің құндылығын тереңірек сезінді.

Фестивальдің экологиялық бағыты да ерекше маңызға ие болғанын айта кеткен жөн. «Табиғат аманаты» алаңында жастар табиғатты қорғауға эко-уәделерін берсе, «Эко Lab – Мөлдір бұлақ» зертханасында табиғат тазалығы мен адам бойындағы рухани қасиеттер арасындағы байланысты түсінді. Ал «Плоггинг – таза жол» акциясы барысында қатысушылар қоршаған ортаны тазарту жұмыстарына белсене атсалысты. Бұған қоса Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» шығармалары бойынша тапсырмаларды орындап, қойылымдар көрсетсе, «Сөз бен сахна» алаңында ағартушының өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы көркем сөз өнеріндегі қабілеттерін танытты.

Бұл этно-экофестиваль ұлттық тәрбие мен экологиялық мәдениетті ұштастырған мазмұнды іс-шара ретінде есте қалды. Фестиваль аясында қатысушылар Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық идеяларының қоғамымыз үшін өзекті екенін тағы бір мәрте сезініп, ұлттық мұраға деген құрметін арттырды. Ұлы ұстаздың өмір жолы мен еселі еңбегін дәріптеуге бағытталған мұндай іс-шаралар жастардың рухани дамуына, елжандылық қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал ететіні сөзсіз.


Сауле СМАШОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін
мектептің директоры,
Қостанай ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.