Алаштың алғашқы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің дүниеден озғанына 135 жыл толып отыр. Осыған орай Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен ұстаз кесенесінің басында еске алу іс-шарасы өткізілді.
Жиынға жергілікті зиялы қауым өкілдері, ыбырайтанушы ғалымдар, Л.Н. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері, С.Мауленов атындағы мектеп оқушылары мен ұстаздары және Башқұртстан Республикасының Учалинский, Мечетлинский, Кигинский, Дуванский, Салаватский, Бурзянский, Баймакский, Зилаирский, Белорецкий аудандарының ұлт өкілдері келіп қатысты.
Тағылымды жиын барысында ағартушы ұстаздың рухына құран бағышталды. Өнегелі өмір жолынан ғибратты әңгімелер айтылды. Тәлім-тәрбиелік мәні зор іс-шараның соңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Республикалық маңызы бар қасиетті нысан саналатын Ыбырай кесенесінің аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Назгүл ШЕКТЫБАЕВА,
Ы.Алтынсарин мемориалдық
музейінің бас қор сақтаушысы,
Қостанай қаласы