Ақ кенепке түскен тарих

Выпуск - №11(707)   :   19.03.2026
545

Ақ кенепке түскен тарих (1)

Тарих – деректер тізбегі емес, жүректегі естеліктер мен тағдырлар жиынтығы. Әр буын оған өз өрнегін қалдырады. Жақында Қостанайда көрермендерге жол тартқан «Ақ кенеп. Бірлік ізімен» театрландырылған қойылымы да осы идеяны көрерменге әсерлі түрде жеткізді.

«Ассамблея жастары» ҚБ бастамашы болған іс-шараға облыстың шығармашылық ұжымдары қолдау білдірді. Достық пен бірлікті дәріптеген қойылым кейін мерекелік концертке ұласты. Қойылым авторлары тарихты тек өткен күннің суреті ретінде емес, мейірім, сүйіспеншілік пен алғыс сезімдерінен өрілген тірі құбылыс ретінде бейнеледі. «Ақ кенеп» – адамдар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністіктің арқасында қалыптасқан ортақ тағдырдың көркем көрінісі.
Қойылым желісі кейіпкерлердің сурет галереясына тап болуынан басталады. Дәл осы сәттен көрермен көпэтносты Қазақстанның қалыптасу кезеңдеріне саяхат жасайды. Әрбір тарихи белес пен әр адамның тағдыры ақ кенепке түскен қанық бояулардай біртіндеп тұтас картинаға айнала береді. «Әр адам қарым-қатынас арқылы, тәжірибе алмасу арқылы, білім бөлісу арқылы тарихта да, өзге біреудің өмірінде де із қалдырады. Қазақстанда бізді ортақ дәстүрлер мен құндылықтар біріктіреді. Сол бірлік арқылы біз бүгінгі тарихымызды бірге жасап келеміз. Осы ой бізге шабыт беріп, оны сахнада көрсетуге жетеледі», – деді қойылымның режиссері Анастасия Серікова.

Ақ кенепке түскен тарих (2)


Жас әртістер де қойылымның негізгі өзегі – ата-бабалардың тағдыршешті қоныс аудару тарихы арқылы ел бірлігі мен қолдаудың маңызын ұғындыру екендігін айтады. Бір жарым ай бойы дайындалған бұл жобада 13 актёр өнер көрсетіп, әрқайсысы тек рөл орындап қана қоймай, ортақ оқиғаға отбасылық тарихының бір бөлшегін де қосқан.
– Мен қойылымда Дамир есімді кейіпкердің рөлін сомдаймын. Оның әжесі – татар этносының өкілі. Тың игеру жылдары Қазақстанға келіп, осы жерде қалып қойған. Қазақ халқы оларды құшақ жая қарсы алған. Мен өз оқиғам арқылы мәдениеттердің үндестігін көрсеткім келеді. Қойылым соңында кенепке түрлі түсті бояуға боялған алақанымның ізін қалдырамын», – деді «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Валерий Гумиров.
Қойылым аяқталған соң көрермендерге мерекелік концерт ұсынылып, патриоттық әндер мен мың бұралған бишілердің өнері өңір мәдениетінің сан алуандығын паш ететін жарқын нөмірлер орындады. Осылайша «Ақ кенеп. Бірлік ізімен» жобасы көрерменге тек спектакль ғана емес, ел бірлігі мен ортақ тарих туралы терең ой қалдырды.

Аружан АНИСОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика
мамандығының
3-курс студенті

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.