Ардагердің есімі ұмытылмайды

Выпуск - №20(416)   :   15.05.2020
449

Ұлы Отан соғысы ХХ ғасырдағы ең басты шиеленіскен оқиғаның бірі ретінде тарих беттерінде мәңгі сақталмақ. Ондағы Жеңіс миллиондаған адамдардың жанкешті ерлігі мен қайғы-қасіретінің құнымен келгені ақиқат.

Қадіржан Хасенов майдандастарымен. 1945 жыл.


Өкінішке қарай уақыт өткен сайын Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер қатарының сиреп бара жатқанын байқаймыз. «Бүгінгі күн – ертеңгі тарих» демекші, сол бір айбынды соғыс жылдарының оқиғалары ұшқырлықпен тарих қойнауына енуде. Сондай кезде өшкеніңді жандыратын, ұмытқаныңды еске салғызатын, тарихта орын алған әрбір елеулі оқиғалар мен тұлғалар жайлы мардымды ақпаратты мұрағат қана бере алады. Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатында Ұлы Отан соғысы батырларының, қатысушыларының жеке тектік қорлары бар. Солардың бірі – ардақты ардагер Хасенов Қадіржан Хасенұлы.

Қадіржан Хасенұлы 1918 жылы 15 наурызда Меңдіқара ауданына қарасты Ақсирақ ауылында дүниеге келген. Каменорал 7 жылдық мектебін бітіріп, 1935 жылдан бастап ауылында сауат ашу мектебінде сабақ берген. 1939 жылы Меңдіқара қазақ педагог училищесіне сырттай оқуға түсті. 1942 жылы қаңтардың 15-інде әскер қатарына шақырылған. Сержанттар дайындайтын мектепте оқып, 1942 жылы маусымның 23-інде «412» атқыштар полкында әскери ант қабылдап, взвод командирінің орынбасары болып алғы шепте соғысқа аттанған. Беларусь майданында соғысқан, Белоруссия және Украина жерлерін неміс басқыншыларынан азат етудегі көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен «ІІІ дәрежелі Даңқ» ордендерімен марапатталады. 1945 жылы қаңтардың 17-сінде Варшава қаласын азат етуде көрсеткен ерлігі үшін «Жауынгерлік шабуылға қатыСқаны үшін» және «Шайқастағы ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Германияның Штральзвуд, Гриммен, Деммин, Мальхин, Варин, Везенбург қалаларын алғандағы ерлігі үшін, бас қолбасшы Сталиннің бұйрығымен взвод командирі Қадіржан Хасеновке алғыс жариялады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті Қадіржан Хасенұлы 1945 жылы мамырдың 9-ы күні Берлин қаласында қарсы алып, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германия түбіндегі Жеңіс үшін» медалімен марапатталды. Сөйтіп 1946 жылы қаңтардың 15-інде туған еліне, үйіне оралған. Келген соң соғысқа дейінгі бастаған оқуын тәмәмдап, мұғалім мамандығына ие болған. 1946-1950 жылдар аралығында Көктерек мектебінде, 1950-1954 жылдарда Қамысты-Көл мектебінде ұстаздық қызмет еткен. 1954 жылы аудандық оқу бөлімінің нұсқауымен Жарсуат бастауыш мектебінің директоры болып тағайындалады.

Қ.Хасенов оқушыларымен мектеп алдында. 1958 жыл

Өте еңбекқор болған. Адал еңбегі бағаланып, 1972 жылы шілденің 15-інде Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері атағына ие болады. 1977 жылы маусымның 23-інде ұзақ жылдар халық ағарту ісінде жасаған еңбегі үшін, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады. 1978 жылы құрметті зейнеткерлік демалысқа шығады. Меңдіқара аудандық оқу бөлімінің өтініші бойынша тағы да бір жыл жұмыс істейді. Қадіржан ата балалардың өнеге, тәлім-тәрбие алуына, олардың сапалы білім алуына өмір жолын арнап, сол жолда аянбай еңбек еткен жан. Жас ұрпақтың елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға, жалпы паториоттық сезімдерін оятуға зор ықпалын тигізген. Еңбек жолы – 44 жыл, оның ішінде 40 жылын халық ағарту ісіне арнап, 4 жыл неміс басқыншыларына қарсы Ұлы Отан соғысында шайқасқан. Соғыстан кейін алған мерейтойлық медальдары да жетерлік.

Қ.Хасенов отбасымен. 1953 жыл. Құлшықай ауылы.

Жұбайы Сәлимә екеуі 53 жыл отасып, бір ұл бір қыз тәрбиелеп өсіріп, бақытты да баянды ғұмыр кешті. Өзі 75 жасында Құлшықай ауылында дүние салды. Ұлы Мерекеден төрт немере сүйіп, қызы Алтыншаштан жеті жиендерін иіскеп кеткен. Екінші дүниежүзілік соғыстағы соңғы зеңбіректің үні өшкелі қашан.. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл, міне 75 жыл. Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, жылдар жылжып, ұрпақ жаңарып жатса да, отты жылдардың оқиғалары халық жадынан өшпейді. Уақыттың тегіршігі тоқтаусыз айналғанмен, майдан даласында жерлестеріміздің көрсеткен ерлігі мәңгі өшпейді. Өйткені ол – әділдіктің жолында, адамзаттың болашағы мен бақыты жолында жасалған ерлік. 


Ажар БАЛТАБАЕВА,
Қостанай облысының
мемлекеттік мұрағатының
қызметкері
Ардагердің есімі ұмытылмайды

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.