Өзіңді толық тану үшін, ең алдымен, тарихыңды танып-білу маңызды. Бұл жолда Арқалық қаласындағы Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары қойнауы тарихқа толы Амангелді ауданына саяхат жасадық.
.jpeg)
Тың деректерге қанық болып, тарихи орындарды өз көзімізбен көру мақсатында Амангелді ауданының аумағына экскурсияға бардық, меніңше, барлығы керемет болды. Жол бойында біздің бірінші аялдаған орнымыз – Кейкі (Нұрмағанбет) батырдың кесенесі. Аталған кесене Тасты ауылына жақын жерде орналасқан. Тарих пәнінің мұғалімі Сұңғат Бекентаев ағай бізді Кейкі батырдың өмірбаянымен таныстырды. Тарихи деректерді сапар барысында тыңдаған әлдеқайда қызық болғанын жасырмаймын.
.jpeg)
Артынша Амангелдіге бардық. Ол жерде Амангелді Иманов атындағы мұражайға, Құтан әулие, Сатыбалды Ишанның кесенелеріне жолымыз түсті. Құтан Әулие мен Сатыбалды Ишанның бейітіне соққан кезде дұға оқылды, одан соң Амангелді Иманов атындағы мұражайға жол тарттық. Мұражай қорында сақталған А.Имановтың бұйымдарын көріп, ол туралы құжаттармен танысып өттік. Онымен қоса мұражайдағы Амангелді ауданының Ұлы Отан соғысының ардагерлері, құрметті азаматтары жайлы сақталған деректерді көріп шықтық. Мұражай қоры бұнымен шектеліп қалмайды. Арнайы мамандар, тіпті, Кейкі батырдың бас сүйегін қалыпқа келтіре отырып, бет-әлпетін құрастырғандығын ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар сол уақыттағы қару-жарақтардың 4-5 түрі бар.
Осылайша Амангелдіге танымдық-тағылымдық жағы мол сапар жасап, Арқалыққа қайтар жолда бұлаққа аялдадық. Бұлақтың суы тұщы, ішсең шөліңді қандыратындай керемет екен, дәмі де тіптен өзгеше. Жалпы бізді осы саяхатқа апарған білім бөлімінің меңгерушісі Қалиев Дастан Сапарғалиұлы мен мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Бекентаев Сұңғат Жұмабекұлына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Осындай танымдық сапарлар жиі ұйымдастырылып отырса екен деген тілегіміз бар.
Зейнел-Ғабиден ЗЕЙДЕН,
Кейкі батыр атындағы
№4 ЖББМ 9 «А»
сынып оқушысы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.