Қан мен тер сіңген әр қадамы бүгінгі күні ақталған ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы педагог, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында қасиетті Торғай мекенінде «Ахаңа тағзым» атты екі күндік ғылыми-танымдық экспедиция өтті.

Алашорда үкіметінің мүшесі, қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, көрнекті лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Осының бәрі де – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаңның өмір әлемі сан қилы болды, әр тараптан қысым көрді. Тек іште жатқан мақсат-мұраты оны алға жетеледі. Жарқын болашақ үшін алған бетінен қайтпады. Көкірегі ояу, көзі ашық азаматтарды бір арнаға тоғыстырып, ұлтты оятты, біріктірді, жұмылдырды, көзін ашты.
Осындай дана әрі дара тұлғаның өмір жолын насихаттап, рухына тағзым ету мақсатында Рудный қаласы білім беру саласының қызметкерлерінен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінен құралған экспедицияға «Балаларға базарлық», «Бақыт кілті» сияқты кітап, жинақтардың авторы, өңірімізге танымал жазушы, экономика пәнінің оқытушысы және «Қарлығаш» баспасының директоры Әбутәліп Әмір және «Astana» телеарнасының меншікті тілшісі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының төрағасы, тіл жанашыры Заңғар Санай жетекшілік етті.
Экспедиция аясында Ахмет Байтұрсынұлының туған ауылында болып, тарихи мұражайларды тамашаладық. Мұражай меңгерушісі білікті де білімді Гүлбану Сәрсекей – өз ісінің маманы. Шағын ауыл болса да, бес мұражай жұмыс істеп тұр, білімді қызмет жоғары деңгейде, себебі басшы да, музей қызметкерлері де Торғай өңірінен шыққан ұлы тұлғалардың өмірбаянынан бізге беймәлім болған көптеген тұстарын ашып айтып, қызықты деректермен бөлісіп, таныстырып өтті. Ахаңның туған жеріне жасалған сапар жадымызда көпке дейін сақталып қалары хақ.
Аталмыш ғылыми-танымдық экспедиция балаларға, студенттерге, жалпы кез келген ниет білдірген азаматтар үшін жиі ұйымдастырылып отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, Қазақстан жерінде, туған өлкемізде небір ғұламалар мен асылдар мекен еткен қасиетті елді мекендер баршылық. Оларды біліп қана қоймай, өз көзіңмен көру – қандай бақыт.
Жанна ДЖАМБУРЧИНА,
№10 мектеп-гимназия
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.