Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай туған жері Қостанай өңірінде Ахмет жылының ашылуы өтті.
Мерейтойдың салтанатты ашылу рәсімі облыс орталығындағы қара шаңырақ – Ахмет Байтұрсынұлының есімін иеленген Қостанай өңірлік университетінің алаңындағы Ахаңның ескерткіш мүсінінің алдында гүл шоқтарын қойып, тағзым етуден басталды. Айтулы шараға ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ербол Tілешов, Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы мемориалдық музей-үйінің директоры Райхан Имаханбет, өңіріміздегі зиялы қауым өкілдері қатысты.
Салтанатты жиынды Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бастап, алыс-жақын өңірлерден келген қонақтар облыс орталығындағы Ахаңның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Дәл осы күні, Ахмет жылының ашылу салтанатына орай, облыс қалалары мен аудандарындағы Ахмет Байтұрсынұлы ескерткіштеріне бір мезгілде гүл шоқтары қойылғанын айта кеткен ләзім. Артынша салтанатты шара А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында өткен «Ұлт ұстазы» дөңгелек үстел отырысында жалғасын тапты. Оның шеңберінде ақын, ғалым Серікбай Оспановтың «Ұлт ұстазы» кітабының тұсаукесері өтті.
Тағылымды шаралар жалғасын тауып, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде, Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде, І.Омаров атындағы қазақ драма театрында, «Достық үйінде» және Балалар шығармашылық үйінде ахметтану дәрістеріде ұйымдастырылды. Ал мәдениет ордасы Жастар сарайында Ахмет Байтұрсынұлына арналған мерейлі жылдың салтанатты ашылу рәсімі болды. Әдеби-сазды кеште Ахаңның әндері, күйлері орындалып, ұлт ұстазының өмір жолы суреттелген театрландырылған қойылым ұсынылды.
Жалпы биыл мерейтой аясында «Байтұрсынұлы оқулары-2022», халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, «Ахаң жүрген жолмен» ғылыми экспедициясы және басқа да тағылымды іс-шаралар жоспарланған. Айта кету керек, ұлт жанашырларының бастамасымен Ахаң атындағы өңірілік университет «ов» жалғауынан арылып, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқу ордасы болып аталмақ.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.