«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғысы тарихтың қойнауына енді. Бүгінде сұрапыл соғыстың Кеңес әскерінің жеңісімен аяқталғанына 75 жыл толды.
Бұл соғыста Қазақстандағы мыңдаған адам қолына қару алып, ұрыстың бел ортасында жүріп, елін, жерін, отбасын жаудан қорғап, Ұлы Жеңісті жақындатты. Сондықтан да бұл тарихи оқиға әрбір отбасында ұмытылмастай ізін қалдырды. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Менің отбасымның тарихында да Ұлы Отан соғысы ауыр естелік қалдырып, Жеңіс күні сол жандардың ерлік істерін еске алатын уақытқа айналды. Осы соғыста көптен күткен Жеңіске қол жеткізу жолында ерлік көрсеткен аталарым жайында айта кеткім келеді.
Баба атам Турлубек Басадилов 1942 жылы Мәскеу түбіндегі өткен шайқаста қаза тапты. Ал Әлімбай Унгорбаев атам 1943 жылы Ленинград маңындағы қоршауды көтеру жолындағы шайқастың қатысушы. Марапатқа ұсыну құжаттарынан жаралы болғанын, соған қарамастан, полк қойылған міндетті іске асырмай майдан алаңынан қайтпағанын білдім. Баба атам Қабдолла Хусаинов та майданда қаза тапты. Ол кісінің қайтыс болған жері жайында нақты ақпарат жоқ.
Атам Айтбай Хусаинов соғыстан бір аяғынан айырылып қайтып келді. Алайда 1943 жылы мал бағып жүргенде найзағай соғып, қаза тапты. Ал Жарке (Жармағанбет) Дощанов атам соғыстан амандықта оралды. 1942 жылдың мамыр айынан бастап Меңдікара АӘК майданға шақырылды.
Қатардағы жауынгер. Сапер-1 жеке гвардиялық штурмдық инженерлік бригадасының 2-ші жеке гвардиялық штурмдық инженерлік-саперлік батальонының шабуылшысы. 1943 жылдың желтоқсанынан 1944 жылдың сәуіріне дейін I-ші Прибалтика майданында және 1944 жылдың маусымынан 1945 жылдың мамырына дейін II Белорус майданында соғысқан.
1943 жылғы наурыз айының 10-ында №3626 дала поштасының хабарламасында: «Қызыл Армия жауынгері Жарке Дощан Социалистік Отан үшін шайқаста әскери антқа адал, ерлік пен батылдық танытып, 1943 жылдың 21 қаңтар күні Ростов облысының Каменск қаласында жоғалып кетті», – деп жазылған.
Соғыс жылдары мұндай хабарлама «қайтыс болды» дегенмен тең еді. Үйінде атамның тірі қалып, амандықта оралатынына мүлтіксіз сенген Мәриям есімді жас әйелі мен Шынар есімді үш жасар қызы қалды. Ресейлік «Халық жадында» сайтында атамның марапаттау қағаздары табылды. Біріншісі – «Ерлігі үшін» медалімен марапаттауға ұсыну. Марапаттау қағазында жауынгер Витебск облысында Волково ауылының астында орналасқан өткел мен сым қоршауды тазартқан деп айтылған. Ал 1944 жылдың наурыз айында «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Екінші рет Польшаның солтүстік-шығысында көзге түсті. Күшті артиллериялық отқа қарамастан, 600 метр қашықтықта орналасқан батпақтардан тақтайлар тасып, Бжозувка өзеніндегі миналанған көпірге бағытталған төсемді қамтамасыз етті. 1944 жылдын жаз мезгілінде ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапаттауға ұсынылды.
Жолдастарымен бірге Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг қаласына жетті. Бірнеше рет жараланып, шайқастардың бірінде көзін жоғалтып, тізесінен ауыр жарақат алды. 1945 жылдың маусым айының 9-ы мен қазанның 24-і аралығында Мәскеу қаласындағы №2947 ауруханасында емделді. Сөйтіп 1946 жылы үйге оралды. Жылдар өткен соң, 1999 жылы дүниеден өтті. Былтыр Жарке Дощанов атамыздың фотосуреті Калининград (Кенисберг) қаласында тұратын отбасылық досымыздың арқасында «Өлмес полкпен» бірге бүкіл қаланы аралап шыққанын білдік.
Соғысқа қатысқан тағы бір атам – Естай Турлубеков жауынгерлер қатарына 1943 жылы шақырылды. І Белорус майданында мотоатқыштар бригадасында 9-жеке Бобруй-Берлин танк корпусында соғысты. Десантшы, танктерден оқ атып, оның күзетін қамтамасыз етті. Польша қаласын фашистік әскерлерден азат етуге қатысты. 1945 жылы сол жақ аяғынан қатты жарақат алып, Польшадағы Лодц ауруханасында емделді. Ауруханадан шыққан соң, 1948 жылға дейін Белосток және Лигинц қалаларында әскери қызметін жалғастырды. Елге аман оралып, 2002 жылы дүниеден озды. Естай атам «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Польшаны азат еткені үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медалдерімен марапатталды.
Қиямет пен қырғын қан төгістен арылып, армандап жеткен Жеңісімізге биыл 75 жыл толды. Осы жеңісті ашық аспан астында, бейбіт күнде атап өткеніміз үшін ардагер ата-әжелерімізге айтар алғысым шексіз.
Айя ХУСАИНОВА,
Каменскорал орта мектебінің
5 «А» сынып оқушысы,
Меңдіқара ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.