Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Рудный қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №18 жалпы білім беретін мектептің бір топ оқушысы Торғай өңіріне танымдық саяхат жасап қайтты.
Тарихы терең, тағылымы мол қасиетті өлкені көріп, оның өткенімен танысу жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық рухын нығайтатыны сөзсіз. Талай батырлар мен ақындар дүниеге келген Торғай жерінің тарихымен танысу оқушылар үшін ерекше әсерге толы болды. Белгілі болғандай, балалар естігеннен гөрі көргенін жақсы қабылдап, ұзақ уақыт есте сақтайды. Осы тұрғыдан алғанда, саяхат барысында археологиялық және табиғи ескерткіштерді тамашалау олардың көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, туған өлкенің тарихын тереңірек тануына мүмкіндік берді.
Сапар аясында жасөспірімдер Амангелді ауданының Үрпек ауылы маңында орналасқан әйгілі Торғай геоглифтерімен танысты. Бұл бірегей нысандарды зерттеуші Дмитрий Дей 2007 жылы Google Earth ғарыштық түсірілімдері арқылы анықтаған болатын. Сондай-ақ Құмкешу даласына зерттеу жүргізіп келген оқушылардың алған әсерлері мен қызықты мәліметтері де аз болған жоқ. Олар тарихи орындардың сырларымен танысып, туған өлкенің бай мұрасы туралы көптеген тың деректерге қанықты. Балаларға сапар барысында көрсетілген құрмет пен жылы қабылдау ерекше әсер қалдырған. Амангелді ауданы білім бөлімінің қонақжайлығына оқушылар да, ата-аналар да ризашылығын білдіруде.
Осындай тағылымға толы әрі танымдық саяхаттың ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен білім бөліміне, мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға, сондай-ақ жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, балаларға сүйемелдеу жасаған полиция қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Бір күнге созылған бұл саяхат оқушылардың жадында ұзақ сақталар жарқын естелікке айналып, олардың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттыра түскені анық.
Роза АХМЕТОВА,
ата-ана
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Эффективное взаимодействие педагогов и родителей
История первого детского сада Лисаковска
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.