Қаламыздағы мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын жүзеге асырып келеді.

Аталмыш жобаның аясында мерзімді басылым беттерінен халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық киімдерін, ұлттық тағамдарын, қолөнер мен әдет-ғұрпын, наным-сенімдерін және халқымыздың тәрбиелік, даналық қасиетін насихаттауды мақсат етіп, оқырмандарға ақпарат жеткізіп отырады. Яғни қазақ халқының құндылықтары мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл қасынасы жайлы ой толғауды қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі тоқтатқан емес. Осы тұста қазақтың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын мектеп оқытушылары мен оқушыларына облысымыздың білім беру бағытындағы «Учительская плюс» газеті оқырмандарының назарына ұсынбақпын.
Әр ұлттың даму кезеңінде ерте кезден қалыптасқан әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бар. Сол арқылы халықтың тұрмыс-салты, мінез-құлқы, ерекшеліктері мен дүниетанымы көрінеді. Ғасырлар бойы бірге жасап келе жатқан ырым-тыйымдар халқымыздың өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында кеңінен көрініс тауып отырады. Сол арқылы баланы тәрбиелеу, орынсыз қылық, теріс мінез-құлықтан тыйылу сияқты нәрселер ұлтымыздың рухани санасында әлі күнге дейін сақталып келеді.
Мәселен ұшықтау – қазақ емшілерінің дәрі-дәрмекпен емдеу барысында қосымша жасайтын рухани ем-домдарының бір түрі. Алайда ауру-сырқау түрлеріне қарай, оларды ұшықтау тәсілдері де түрліше болады. Олар «жер ұшық», «су ұшық», «от ұшық», «қағу», «түшкіру», «ойнау» сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы белгілі бір тамақ немесе иістен ұшынған, тынысы тарылған және басы ойнамалы ауыратын адамдарды тіке «су ұшықпен», кейбір салмақтырақ науқастарды дәрі-дәрмекпен емдеуге ұштастырып, «жер ұшық» жасайды. Яғни науқас адамды дымқыл, таза жерге жығып, кем дегенде үш рет аунатып алады. (А.Нүсіпоқасұлы «Тал бесіктен жер бесікке дейін», А – 2014).
Ал аластау – ырымға жатады. Шамандық наным-сенімнен қалған. Ол арқылы көз бен тіл тисе, оны қайтаруға болады деп сенеді. Ауру-сырқау мен үй-жайды да бәле-жаладан аластау арқылы тазалайды. Үй-ішін аластауға қазақтар ертеден бастап адыраспанды, аршаны пайдаланған. Екіншісін үйдің кез келген бұрышына іліп қойған. Егер үйге көз тиген болса, адыраспанды немесе аршаны табаға салып тұтатып, түтінімен бүкіл үйді аластап, есіктерді жауып қойған. Бүгінде жаңа үйге кірген кезде үйді аластау әдетке айналған. Осындай рухани бай, тәрбиелік мағынасы зор мұраны келешек ұрпаққа жеткізу, насихаттау – ұлттығымызды сақтауға зор септігін тигізеді.
Шынар МАКАНОВА,
Н.Островский атындағы
қалалық кітапхананың
мемлекеттік тілдегі әдебиеттер
бөлімінің кітапханашысы,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.