Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ер есімі – ел есінде» жобасы аясында қарқынды жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Соның арқасында біздің Әулиекөл ауданының біртуар тұлғаларын еске салар дүниелер де көз алдымызда.

Туған жер кез келген адам өмірінде киелі орын алады. Себебі дәл осы жер бізді болашақпен, өткенмен байланыстырып тұратын алтын көпір іспетті. Менің Отаным аса үлкен болмаса да, мен үшін баға жетпес Әулиекөл жерінен басталады. Әулиекөл даңқты адамдарымен де қастерлі. Ауданда жалпы саны 74 көше бар. Көшелердің көбісінің атауы батырларымыздың, дана тұлғаларымыздың құрметіне қойылған. Сондай көшелердің бірі Медет Досымханов атын иеленген. Біреу білсе, біреу білмес. Ал біздің ауданымыздың тұрғындарына бұл есім жақсы таныс.

Медет Досымханов деген кім? Неліктен аурухана маңындағы балалар алаңы, көше ол кісінің есімімен аталады? Осы сұрақтарға жауап беріп көрелік. Медет Досымханов 1980 жылы қыркүйек айының 4-інде Семиозер ауданында (қазіргі Әулиекөл ауданы) дүниеге келді. Орта жүз, Арғын тайпасының Үмбетей руынан шыққан. 1987-1998 жылдар аралығында Әулиекөл ауданындағы Сұлтан Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясында білім алған. Кейіннен 2003 жылы Кеден ісі мамандығы бойынша оқу орнын тәмәмдап шығады. Ал 2008 жылы қыркүйек айында ІІД Таранов ауданының ІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы болып тағайындалады. Алланың берген ғұмыры қысқа болып, 2009 жылдың сәуір айының 4-інде 29 жасында қыршынынан қиылып, барымтаушыларды ұстау кезінде тапаншадан оқ тиіп, қайтыс болды.
Медет Бауыржанұлы оқыған Сұлтан Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясының мұражайында бұл күндері ол кісінің фотосуреттері және де осы күнге дейін жеткен жетістіктері сақталып тұр. Мақаладан мынадай қорытынды шығаруға болады: әр есімнің өз тарихы мен сыры бар. Медет Досымханов Әулиекөл ауданының ерлік іспен есте қалған тұлғасы деп санаймын. Біз өз шағын Отанымызды сүюге, оның тарихын білуге, батырларымыздың ерлік істері мен жарқын бейнесін ұмытпауға, құрметтеуге тиіспіз.
Аружан САПАТБАЙ,
Ш.Уәлиханов атындағы
Әулиекөл ОМ оқушысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.