Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің алдағы 180 жылдығына орай Әулиекөл бастауыш мектебінде жеке мектепішілік жоспар құрылып, біршама іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Елімізде болып жатқан Сovid-19 індетінің шектеу шараларына байланысты барлық іс-шаралар қашықтан өткізілуде. «Кел, балалар, оқылық» өлеңімен есте қалған атамыздың өмірбаянын аталған тақырыпта мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырып, оқушыларға кеңінен түсінік бердік. Атамыздың өлеңдерінен мектеп оқушылары арасында байқаулардың да жиі ұйымдастырылатынын айта кеткен жөн.
«Мың рет естігенше, бір рет көзбен көр» демекші, оқушыларымыздың рухани байлығын кеңейтіп, атамыздан қалған құнды жәдігерлері мен тарихи еңбектерін көрсету мақсатында Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайына Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир арқылы 1-4 сынып оқушыларына экскурсия жасалды.
Музей қызметкерлері экскурсовод Досмағамбетова Шынар Сұлтанқызы мен аға ғылыми қызметкер Омарханова Айымгүл Төлегенқызы ашық-жарқын жүзбен байланысқа шығып, төменгі қабаттан бастап, екінші қабатқа дейін құнды мәліметтерді таныстырып, эксурсиямызды жандандырып, толықтай мәлімет берді. Ыбырай атамыздың атымен ашылған мұражай ертеректе орыс-қазақ мектебінің орнына салынғанын білдік. Есте қаларлық тағы бір қызықты ақпарат – Ыбырай ата өмірінде отбасымен және өзі ашқан мектептегі шәкірттерімен ғана суретке түскен. Қалған біз көрген суреттерді Қазақстан Республикасының суретшілері атамыздың осы екі суретіне негіздеп салған екен.
Алғашқы мектеп ашылған кездегі мектеп оқушыларының формасын, ұстаздың шәкірттерімен сабақта отырған шынайы бейнесызбасын оқушыларға көрсеттік. Оқушылар қашықтан ұйымдастырылған саяхатқа көңілдері толып, бізге алғыстарын жаудырды. Осылайша тамашалап, өмір жолындағы батыл істеріне сүйсінетіндей тұлғалар қазақ жерінде аз емес. Мұражай ішін аралауда өткен ғасырға басымызбен шұлғып кеткендей күй кештік. Болашақта жастарға қалдырар құнды мұрамыз көп болсын. Ал бұл істе мұражайлардың үлесі зор.
Арайлым БАЛҒАБАЕВА,
Әулиекөл БМ директордың
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!