Әр заманның жұлдызындай болып, сол кезеңнің дарынды өкілдері жарыққа шығып отыратыны мәлім. Олар елдің мұң-мұқтажын көре біліп, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған.

Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи-мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген. Қазақ халқының тарихында елеулі орын алған сондай тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу-маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.
Жуырда Ыбырай мектебінің бірнеше буын шәкірттері қазақтың рухани үш бәйтерегінің бірі, кемеңгер ағартушы Ы.Алтынсариннің кесене-кешеніне барып қайтты. Қайта жаңғырған кесене өзінің сырт-келбетімен келген оқушылар мен ата-аналарды баурап алды. Оқушылар үшін бұл орын қашаннан қастерлі саналады. Киелі орынға жиналған 5-сынып оқушылары Ыбырай атамыздың күмбірлі қоңырауын соғып, өлеңдері мен шығармаларын мәнерлеп жатқа айтып, сахналық қойылымдарымен жиналған қауымды тәнті етті. Мешіттен имам келіп, Ыбырай атамыздың аруағына дұға оқып, Құран бағыштады. Аналарымыз жеті шелпек пісіріп әкеліп, Құран оқылғаннан кейін оқушыларымыз одан дәм татты. Осындай халқымыздың қасиетті орнының бар екендігі оның салтанатын асырып тұрғандай.
Аталмыш сапарды мектебіміздің 5-сынып жетекшілері, «Ыбырайтану» курсы мен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі – Жұмаш Бөлекбаева, тарих пәнінің мұғалімі – Жанагүл Досжанова ұйымдастырды. Игі шараға ат салысқан барлық жандарға алғысымызды білдіре отырып, өткен ғасыр мен бүгінгіні жалғастырып отырған мемориалдық кешен талай ұрпақтың көзайымы болады деген сенімдеміз.
Гүлнұр МАҒЗҰМ,
Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылған мектеп-
интернаты директорының
оқу ісінің орынбасары,
Қостанай қаласы
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».