Қостанай жоғары политехникалық колледжінің ұжымы саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында жастардың қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, дәріптеу мақсатына көп көңіл бөледі.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», – делінген. Шын мәнісінде жастайынан дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен ұрпақ теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпейді. Салт-дәстүрі мен тарихына ерекше мән берген елдің тұғыры биік болары анық. Шындығында ұлттық рухы, руханияты жоғары, мәдениеті озық ел көп нәрсеге қол жеткізеді. Қостанай облысы әкімдігінің жастар істері жөніндегі басқармасының бастамасымен «Sanalyurpaq-2050» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылы қыркүйектің 3-4 күндері Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында Қостанай облысының киелі жерлері бойынша квест ойыны ұйымдастырылды.
Квест ойынына он команда қатысты. Қостанай жоғары политехникалық колледжінің командасы да сайыстың талаптарына сәйкес өз атауын таңдап, ұранын құрып, ойынға қатысуға өз ықыласын білдірді. Ойынның тапсырмалары арқылы өздерін археология мен этнология саласында ғана емес, әр түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап іздеу, замандастарымен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы әр қырынан таныта білу жоғары колледж ұжымының қатысушылары бойында мол қызығушылық тудырды. Қатысудағы негізгі мақсаттардың бірі – ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі, шығармашылығы және қалдырған мұрасымен кеңінен танысу және де ғалымның рухани мұрасын жастар арасында насихаттау болды.

Квест ойынының ерекшелігі – әр станцияның өзінің жеке тапсырмасы болды. Барлық тапсырмаларда туған жерің, оның тарихы туралы білетініңді көрсетумен қатар ойшылдың еңбектері жайында да терең білім мен эрудиция талап етілді. Берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін ғана келесі кезеңге өтуге мүмкіндік берілді. Күннің ыстығына, станциялардың алшақтығына қарамастан, команда мүшелерінің қызығушылығы басылған емес. Әр станцияны өткен сайын тапсырмалар да күрделене түсіп, команданың әр мүшесінің бойында ерекше ұмтылыс, ойынға деген құмарлық арта түсті. Ойын талаптарының күрделенгені сондай, командалар арасындағы соңғы сайыста біздің қатысушылар бар күш-жігерін ортаға салып, командалық рухтарын көтеріп, қазақ халқының ұлттық рәсімдерінен көрініс ұсынып, ұзатылып бара жатқан қызға анасының айтатын сыңсуын көрсетті.
Бұл сайыста команда мүшелері халықтың дәстүрлері жайындағы терең білімдерімен қоса шығармашылық команда екенін дәлелдеп, алға суырылып шықты. Квест ойынының нәтижесі бойынша жоғары колледж командасы жүлделі екінші орынға ие болды. Квест ойынының жеңімпаздарына 100 мың теңге көлеміндегі сертификат берілді. Жеңімпаздарды қалыптасқан дәстүрге сай зор қошеметпен қарсы алып, колледж директоры К.Каткеновпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында сайыс қатысушылары өз әсерлерімен бөлісті. Болашақта жоғары колледж ұжымының оқытушылары да, білім алушылары да рухани жаңғырудың, озық ой-сананың, ұлттық рух пен патриотизмді насихаттайтын жарқын істердің көш басында жүреді деген сенім білдіреміз.
Шаттық БАЖИРОВА,
Қостанай жоғары политехникалық
колледжінің әдіскері,
Дулат КЕНЕШОВ,
арнайы пәндер оқытушысы
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.