Елбасы ізімен Алматыға

Выпуск - №20(366)   :   31.05.2019
323

Алматы – кең даладағы жай ғана өңір емес, бал татыған мәдениет пен өнердің уызына тояттайтын мекен екені рас-ақ. Көктемгі демалыс кезінде осындай әсем қаланы көру бақыты ауданымыздың Ы. Алтынсарин ат. Обаған ОМ, Силантьев ОМ және М.Хакімжанова ат. Щербаков ОМ оқушыларына бұйырды.

Олар Тұңғыш Президент Қорының ұйымдастыруымен «Көшбасшы жолы» бағдарламасы бойынша Алматы қаласына туристік саяхатқа барып қайтты. Алматы қаласы жайлы кітаптардан оқысақ та, алып денелі қарт Алатау, сұлу табиғат көрінісі, тау жоталарында қос етекті ару секілді көрінетін көк майсалы алқабы елестейді де тұрады. Барған күні «Арман дала» лагеріне орналасып, түс ауа Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына бардық.

Шамалған – Елбасының кіндік қаны тамған ауыл. Әлем назарындағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Үшқоңыр тауының етегіндегі осы бір етек-жеңі жинақы елді-мекеннен түлеп ұшқан екен. Бұл ауылда 1998 жылдан бері Н.Назарбаевтың тағылымды өмір жолын өскелең ұрпаққа паш ететін тарихи-өлкетану мұражайы келушілерге қызмет етіп келетіні туралы саяхат бойы бізбен бірге жүрген экскурсовод Гүлзия Әбдрәшқызы айтып берді.

Артынша Қарасай аудандық тарихи-өлкетану мұражайымен таныстық. Онда ғасырлар қойнауына кеткен аудан тарихына байланысты, Елбасының жасөспірім кезінен, жігіттік дәуіріне дейінгі және тұлға болып қалыптасуына байланысты 2000-ға жуық әр түрлі мағыналы әрі құнды фотоқұжаттар, материалдық жәдігерлер саны сақталыпты. Мұражайдың залдары мен бөлімдері Тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметіне және үш мың жылдық тарихы бар Қарасай жеріне арналған.

Екінші күні Медеу шатқалын аралап, содан кейін аспалы жол арқылы Шымбұлақ, одан Талғар асуына көтерілдік. Сондай-ақ, Панфиловшылардың саябағындағы жеңістің лаулаған мәңгілік оты жүректегі ұшқынды одан әрі үрлеп жандыра түсті. 28 гвардиялық-Панфиловшылар атындағы саябақ қаланың қақ жүрегінде орналасқан. Ол Даңқ мемориалымен, Жастар саябағымен және Мәңгі алауымен танымал екеніне саяхаттау барысында көзіміз жетті.

Елдігімізді таныту руханияттың еншісіне берілсе, ерлігімізді көрсету ата-баба жолымен өлшенеді. Одан түйетініміз мәдениет пен өнерімізді, тарихымызды таразылап, болашаққа бағдарлап, рухани дамып, жаңғыру керек екенін жастарға сезіндіру керек. Осы мақсатта ұйымдастырылған үш күндік саяхатымызда оқушылар көптеген мәліметтер алып, ерекше көңіл күймен қайтты. Осындай тағылымы мол саяхатты ұйымдастырған Тұңғыш Президент Қорының ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз.

Айсауле СӘТБАЕВА,
Ы.Алтынсарин ат. Обаған ОМ
информатика пәнінің мұғалімі,
Алтынсарин ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.