Ісі өнегелі, есімі ардақты тұлға

Выпуск - №21(569)   :   02.06.2023
695

«Южный» кітапхана-филиалында Ыбырай Алтынсарин идеяларының жалғастырушысы ұстаз КӨПЕШ Беген Қаженұлының 85 жыл мерейтойына орай «Ісі өнегелі, есімі ардақты» атты өлкетану сағаты өткізілді.

Тағылымды шараға М.Хәкімжанова атындағы №20 ЖББ мектептің 9-сынып оқушылары қатысты. «Ыбырай Алтынсарин», «Білім үздігі», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Беген Қаженұлы 1938 жылы мамырдың 15-інде бұрынғы Обаған ауданына қарасты Шоққарағай ауылында дүниеге келді. Сонда 4 жылдық мектепті аяқтаған соң, 1948 жылы Қостанайдағы бұрынғы Жамбыл атындағы (қазіргі Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты) қазақ орта мектебіндегі белсенді шәкірттердің бірі болды.

Ыбырай Алтынсарин Беген Қаженұлының өмірінде маңызды рөл атқарды. Неге десеңіз, Беген аға педагогтердің қара шаңырағы саналатын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтаған соң, Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте физика пәнінің мұғалімі, меңгеруші, 1983-1991 жылдары директор қызметін атқарады. Жұмыс жылдары жақсы дәстүрлер қалыптастырды: оқу жылының басында және соңында Алтынсарин сабақтары, Ыбырай Алтынсарин ескерткіші жанындағы кездесулер, облыстық Алтынсарин педагогикалық оқулары. Қостанай қаласының орталық саябағының алдында тұрған Ыбырай Алтынсарин ескерткіші Беген Қаженұлының бастамасымен орнатылды.

Беген Қаженұлы 1990 жылдан 1997 жылы құрмет демалысына шыққанға дейін «Өрлеу» мұғалімдер білімін жетілдіру институтында жауапты қызмет атқарды. Биыл педагогиканың еңбек ардагеріне 85 жас толды. Соған қарамастан, өзі жұмыс істеген саладағы оқиғалардан хабардар болып отырады. Ол барлық күш-жігерін, білімін педагогикаға арнаған тұлға. Кездесу барысында Беген Қаженұлы балаларға өзінің өмірі мен кәсіби қызметі жайында әңгіме қылды. Оқушыларға ұстаздық жолы қалай басталғанын айтып берді. Осылайша кездесу мазмұнды әрі қызықты өтті.

Шақырылған қонақ балалардың сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңестерімен, нұсқауларымен бөлісіп, әрбір бала келешекте елінің қамын ойлайтын азамат болып қалыптасуын тіледі. Беген Қаженұлы өмір бойы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге, ағартушылық қызметке арнады. Оның алған ордені мен медальдері, төсбелгілері мен грамоталары, ең бастысы шәкірттерінің шексіз ризашылығы – Беген Қаженұлының өзі өмір сүретін Отанға деген сүйіспеншілігі, қызмет ететін іске деген адалдығы туралы айтады. Беген Қаженұлының өнегелі ғұмыры барша қазақ жастарына үлгі боларлықтай.


Салтанат ИСКАКОВА,
«Южный» кітапхана-
филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы

Актуально

Реклама

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».