Қостанай қаласындағы №8 балабақшада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектепалды даярлық топ балғындарына Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды саяхат ұйымдастырылды.

Қазақстан – ашық аспан астындағы мұражай деуге болады. Қорғандар, мешіттер, ғибадатханалар, батырлар жерленген орындар – осының бәрі біздің мемлекетіміздің тарихы. Осынау киелі жерлер Отанымыздың, тарихымыздың негізгі тірегі деуге саяды. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, балалардың бойында ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу мақсатын көздеген виртуалды саяхаттың арқасында балалар Қазақстанның киелі жерлері туралы көптеген мәліметтерге қанық болды.
Киелі жерлер өздерінің сұлулығымен, құпиясымен балаларды таңғалдырғанын жасырмаймын. Ұлытаудың айбынды таулары, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Тараздың ежелгі ескерткіштері, Бекет Ата жерленген орындары, Шығыс Қазақстан мен Жетісудың таңғажайып ежелгі кешендері және басқа да көптеген жерлер. Есік қорғаны қазба жұмыстары кезінде табылған «Алтын адамның» сүйектерінің арқасында бүкіл әлемге танымал болды. Балалар Қанатты барыс та, «Алтын адам» да Қазақстанның ұлттық құндылықтары екендігін білді. Балалар саяхат барысында сол ықылым заманның атмосферасына еніп, өздерін Қазақстанның ұлы тарихының бөлшегі ретінде сезінді.

Виртуалды саяхат алынған ақпаратты бекітуге көмектесетін танымдық викторинамен аяқталды. Өз елінің, өлкесінің, қаласының тарихын білу және зерделеу өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Бұл саяхат барысында балалар тек көркем тарихи жерлерді көріп қана қоймай, ұлттық сана-сезімдері оянып, патриотизмге бой алатынына сенімді болдық. Сондықтан тарихымызға және Отанымыздың қасиетті жерлеріне қызығушылықтарын оятуымыз қажет.
Әсемгүл ЕСЕНАЛИНА,
№8 б/б қазақ тілі мұғалімі,
Қостанай қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.