«Кел, балалар, оқылық!»: бір ауыз сөздің құдіреті

Выпуск - №20(716)   :   22.05.2026
1116

image

Биылғы жыл еліміз үшін мерейлі белестерге толы. Ұлт ұстазы Ы.Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуы, оның өлшеусіз мұрасын дәріптеп келе жатқан облыстық мемориалдық музейдің және тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы тұспа-тұс келіп отыр.

Қазіргі сананы тұрмыс билеп, материалдық құндылықтар алдыңғы шепке шыққан жаһандану заманында ұлттық рухты ояту үшін мың томдық кітап емес, нысанаға дәл тиетін сындарлы бір ауыз сөз де жеткілікті. Қазақ ағартушылығының ұранына айналған Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» деген шақыруы – қарапайым ғана өлең жолы емес, ұлт тағдырын қараңғылық түнегінен жарыққа алып шыққан жасампаз жол.
Кез келген ұлы сөздің астарында үлкен күш жатады. Сарабдал сөздің құдіреті оның сыртқы қарапайымдылығында емес, мағыналық тереңдігі мен тұжырымдамалық нақтылығында жатыр. Сол себепті бір ауыз сөздің шынайы қуаты оның материалдық әлемдегі көрінісімен өлшенеді. Ыбырайдың осы бір ауыз сөзінен кейін алғашқы мектеп қоңырауы соғылып, алғашқы парталар қойылды және төл мәдениетіміздің негізі болған алғашқы қазақ әліпбиі дүниеге келді. Бұл үндеу, шын мәнінде, қазақ қоғамының «интеллектуалды жарылысы» еді. Сол дәуірде «оқу» ұғымы тек діни сауат ашумен ғана шектелсе, Ыбырай оған таза дүниеуи сипат беріп, «көз салып қарауды» және «өнер-білім бар жұрттармен» теңесуді басты міндет ретінде жүктеді.
Бүгінгі цифрлық дәуірде бұл ұранның салмағы мен маңызы тіпті арта түсті. Егер өткен ғасырда «оқу» деген жаппай сауатсыздықты жоюды көздесе, бүгінгі таңда ол – жасанды интеллектпен тіл табысу, ақпараттық ағынды игеру және жаһандық бәсекеге қабілетті болу деген сөз. Осылайша, Ыбырай салған сара із бүгін «Болашаққа» ұласып, жаңа деңгейде жалғасын табуда. Ежелден сөз қадірін түсінген, «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейтін қазақ халқы үшін ұлт ұстазының ұраны – ешқашан ескірмейтін рухани қазына. Бұл сөздің құдіреті сол – әрбір жаңа буынның санасында қайта жаңғырып отырады.
Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін де, ғылымның қия шыңын бағындыруға ұмтылған ізденуші де осы темірқазық сөзден қуат алады, өйткені бұл – прогресс пен тұрақты дамудың айнымас символы. Тек сауатты, білімді әрі көзі ашық адам ғана ішкі шынайы еркіндікке ие бола алады. Ыбырай бабамыз бізге тек мектеп емес, еркін ойлаудың, өркениетке ұмтылудың үлгісін қалдырып кетті. Расында, бұл сөздің құдіреті – оның уақыт пен кеңістікті бағындырып, ғасырлар бойы тозбауында.
«Кел, балалар, оқылық!» – бұл қазақ рухының мәңгілік қозғалтқышы. Бұл сөз айтылған сәттен бастап-ақ біздің ұлт ретіндегі бағытымыз айқындалды. Сондықтан баба өсиеті тек оқулықтардың алғашқы бетінде ғана емес, әрбір қазақтың жүрегінің төрінде жатталуы тиіс. Өйткені сарқылмас қазына – білім болса, сол қазынаның алтын кілті дәл осы бір ауыз сөзде жатыр.

Дарига КӘМЕНОВА,
Ы.Алтынсариннің
облыстық мемориалдық
музейінің әдіскері,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.