Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысы бойынша «Жасампаз» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сакралды Қазақстан: Отанымыздың қасиетті жерлері» жобасы жұмысын бастады.
Аталған жоба республикалық және өңірлік маңызы бар ескерткіштерді танымал етуге және олардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар, атап өтер болсақ, экологиялық серпантин, экологиялық жастар десанты, «Қасиетті Қазақстан: біздің аймақтың қасиетті орындары» тарихи экскурциясын өткізуге негізделген. Жобаға Екідің, Жаңақала, Қайыңды ауылдарының жастарын тарта отырып, жоғары оқу орындарының студенттері, Арқалық қаласының еріктілері үшін республикалық және өңірлік деңгейдегі киелі орындарға практикаға бағытталған іс-шараларды өткізу барысында Қостанай облысының оңтүстік өңірін зерттеуге негіз болған археологиялық ескерткіштер, табиғи және мәдени объектілер, сипатталған сынақтан өткен туристік бағыттар туралы бұрын жиналған ақпаратты пайдалану ұсынылады. Екіншіден, тарихи-мәдени мұра объектілерінің іргелес аумақтарын абаттандыруға бағытталған экологиялық және еңбек десантын ұйымдастыру көзделген.
Жобаны жүзеге асыру аясында студент жастардан жасақталған 20 адамнан құралған еңбек десанты күні кеше Екідің, Жаңақала, Қайыңды ауылдарындағы республикалық және өңірлік маңызы бар ескерткіштерге барып, тарихымен танысып, ақпарат жинақтап, тарихи-мәдени мұра объектілерінің іргелес аумақтарын тазартып, абаттандыруға бағытталған экологиялық және еңбек жұмыстары ұйымдастырылды. Еліміздің құндылықтары ретінде әуелі жер көлемі, минералды ресурстар табылатын болса, рухани құндылықтың қайнар көзі – тарихтан сыр шертетін киелі-қасиетті орындарда жатыр. Қазақстанда тарих пен география, қазақ әдебиетіне көңіл бөлініп жатқанына байланысты, туристік киелі орындар да басты нысанға алынуда. Тарихи орындарға толы дала қойнауы тұнған шежіре, дара дастан болып тұр.
Туған жердің тарихымен бетпе бет кездесіп, ерекше тарихи құндылыққа қаныққан жоба қатысушылары бірнеше пайдалы істің басын тоғыстырды. Біріншіден, туған жердің ешқандай аймақта жоқ ерекшелігімен танысса, екіншіден, алдағы уақытта өздерінің ізденіс не болмаса зерттеу жұмыстарына арқау боларлық тың тақырыптар ашты. Тылсым тарихтан сыр шерткен ескерткіштердің айналасын тазартып, экологиясын жақсартуға қанатымен су сепкен қарлығаштай үлестерін қосқаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ тағылымдық сапарға қатысқан жастар бұған дейін осылайша тарихпен бетпе-бет келмегендерін және рухани демалғандарын жасыра алмады.
Табиғат аясында еңбек етіп, таза ауада тамақтану қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Жоба шеңберінде қатысушыларға таңертеңгі ас пен түскі ыстық тамақ ұйымдастырылды. Тарихи орындарға ұйымдастырылған еңбек десантының жұмысы алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Сондай-ақ жобаға жергілікті жастарды да жұдырықтай жұмылдыру қолға алынған. Жобамен жұмыс қорытындысы ретінде еңбек жастары форумын ұйымдастыру жоспарда бар. Аталған жоба бойынша жұмыс қыркүйек айына дейін жалғаспақ.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
Қалалық тілдерді оқыту
орталығының директоры,
жоба қатысушысы,
Арқалық қаласы
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.