2009 жылы бастау алған «Ауылым алтын бесігім» өлкетану жобасы шеңберінде, Амагкелді Имановтың 150 жылдық мерейтойына арналған баспасөз туры ұйымдастырылды. Оған жергілікті БАҚ қызметкерлері мен жас журналистер, көшбасшы жастар шақырылды.

Жобаға тапсырыс беруші: Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, жүзеге асыруышы: «Арқалық қалалалық «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі. Шара бағдарламасында Амангелді ауданы киелі орындары мен құпияға толы геоглифтерге жол сапар жасалды. Баспасөз туры тоқтаған алғашқы нысан «Кейкі батыр» кесенесі болды. Кесене басында халық көп жиналыпты тіпті Тасты ауылының әкімі де бар екен. Дәл осы жерде тағы да бір керемет тарихи сәтке куә болдық.
Амангелді Имановтың 150 жылдығына арнайы Атбасардан шыққан велошерушілерді қарсы алу мәртебесіне ие болдық. Бұл оқиға бастау алған шарамызды мағыналы ете түсті. Біздің сапарымыз Құтан әулие кесенесі басына ұласты. Бағдарламадағы барлық тарихи нысандар өзіндік рухани тылсым әлемімен ерекшеленеді. Біздің баспасөз турымыз Үрпек ауылына да бас тіреді. Ондағы құпия сырға толы геоглифтер әле терең зерттеуді қажет етеді. Үрпек ауылының іргесіндегі «Ағашты көл» елді мекеніндегі «Свастика» деп аталатын» геоглиф басында, ғарыш әлеміне ең жақын нүктеде, керемет рәсім жасалды. Баспасөз маршруты Аманкелді аудан орталығына да бас тіреді. Батыр бабамыздың құрметіне арналып ұйымдастырылған барлық шараларды тамашалай келе этноауылы араладық.
Этноауыл – бұл біздің қазақи болымысымыздың куәсі. Қаз-қатар тізілген кигіз үйлер, келген қонақтарды құшақ жая қарсы алып, дастархандарынан дәм-тұз ұсынып жатыр. Жиналған халықтың барлығы да мерекелік көңіл күйде, үлкен қазан тартылып, ас пісіріліп жатыр. Жалпы атмосфера керемет көтеріңкі. Бұл біздің батыр бабамызға көрсетілген ұрпақтарының құрметі. Жалпы айтқанда шара лайықты деңгейде ұйымдастырылды. Баспасөз туры қатысушылардың барлығының ойынан шығып, үлкен әсерде болғанын сөзсіз, бірақ мен үшін бұл шара ерекше шоқтығы биік шара болып саналады. Неліктен екенін айтайын.

Аталмыш бспасөз турына қатысуға шақырту алғанымда, шынымен де ерекше қуанғаным рас. Кезінде бұл жобаның жетекшісі Цвентух Елена Семеновнамен қатар жүріп, шараның ұйымдастырушысы ретінде, басы қасында болып, қатысушыларды қарсы алып, шығарып салып, күндіз-түні жоба маршрутын құрып, бағдарламасын талқылап, басынан аяғына дейін ұйымдастырушылық қызметті атқарсақ, бұл жолы бәрі басқаша. Бұл жолы осы шараның құрметті қонағы ретінде шақырылып, ұйымдастырушылардың басты назарында болып, барлығын құрметті қонақ ретінде қабылдау бір ғанибет екенін айтқым келеді. Бұл біздің жоба шеңберіндегі көпжылдық еңбегімізге берілген үлкен баға деп қабылдадым.
Ақтауға тұрарлық еңбегімізді бағалап осы жобаның құрметті қонағы болуға мүмкіндік берген «Арқалық қалалалық «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»қоғамдық бірлестік жетекшісі, болашаққа жол көрсеткен білікті тәлімгерім Е.С. Цвентухқа, жоба ұйымдастырушысы И.И. Роговойға және барша қатысушыларға керемет тарихи-рухани маңызды шара үшін ризашылығымды білдіремін. Туған өлке тарихын кең көлемде насихаттайтын осындай маңызды шаралар өміршең бола берсін дейміз.
Гулхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің әдіскері,
Арқалық қаласы
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.
Нам есть, о чём рассказать и самое главное – есть, где это опубликовать. «Учительскую плюс» читает не только Тогузакская школа, но и школы района, области, и поэтому наш опыт, успехи становятся известны коллегам, руководству образования. И, конечно же, нам интересно, что творится в других школах: методические новинки, необычные мероприятия. Я выписываю газету и публикуюсь в ней очень давно, потому что это важно, нужно не только для меня, но и для всего нашего коллектива. Да и вообще, нам нравится ваша газета, нравится то, что вы публикуете всё то, что актуально для учителей.