Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірлесе отырып «Мектеп музейлерін дамыту мәселелері» тақырыбында онлайн форматта республикалық вебинар өткізді.
Мектеп музейлерін дамыту, қызметін талдау және зеттеу жолдарын айқындау, мектеп музейлері мамандарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатындағы шараға Ұлттық музейдің мамандары, Қостанай облысының білім беру ұйымдарындағы мектеп музейлеріне жауапты мамандар, директорлардың орынбасарлары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына жауапты әдіскерлер қатысты. Вебинарда білім беру саласындағы музейлердің қызметін ұйымдастырудағы мәселелер зерделеніп, мектеп музейлері жұмысының қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар қабылданды.
Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бағила Ибрагимова
Қостанай облысы білім басқармасының бөлім басшысы Б.Ибрагимова мектеп музейі – материалдарды жинау, зерттеу, өндеу, ресімдеу және насихаттау процесінде оқушылардың шығармашылық, белсенділік ынтасын дамытушы тәрбиелік және ғылыми-танымдық қызметінің қайнар көзі екеніне тоқталып, облыста мектеп музейлерінің желісі жылдан-жылға өсіп жатқанын атап көрсетті. Соңғы төрт жыл ішінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп музейлерінің саны екі есе өскен: егер 2017 жылы 99 музей болса 2020 жылы бұл көрсеткіш 215-ке жетті. Қамтылған оқушылар саны – 25 мың 402 оқушыны, экспонаттар саны – 48 мың 542-ні құрайды. Ал 2021 жылы 14 мектеп музейін ашу жоспарланып отыр.
Былтыр Сарыкөл ауданындағы Ө.Сұлтанғазин атындағы жалпы білім беретін мектебінде жерлесіміз, академик Ө.Сұлтанғазинге арналған тарихи-өлкетану музейі, 2019 жылы Рудныйдағы №7 мектеп-гимназиясына қазақ әдебиетінің алыбы Бейімбет Майлин есімі беріліп, музейі ашылған-тын. Ал 2018 жылы «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Нұржан Наушабаев атындағы Тобыл мектеп-гимназиясында халқымыздың біртуар ақындарының бірі, жерлесіміз Нұржан Наушабаевқа арналған музей есігін ашты. Ақпараттық-танымдық бағыттағы мұражай негізінен Алаштың ақыны Н.Наушабаевтың өмірі мен шығармашылығын қамтиды.
Музей – әр елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық. Осы тұста Қарасу ауданының білім беру ұйымдарындағы мектеп музейлерінің орны ерекше. Ауданның әрбір екінші мектебінде өлкетану, әскери-патриоттық, этномәдени бағыттағы музейлер жұмыс істейді. Кез келген мектептің, кез келген ауылдың өз тарихы бар екені белгілі жайт. Үлгілі ұстаз бен өнегелі шәкірт мекені саналатын мектеп тарихын оқушылар мен ұстаздар жадында мәңгі есте қалдыру мақсатында өткен жылдың ақпан айында Қостанай қаласындағы №2 мектеп-лицейі өзінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында мектеп музейін ашты.
Вебинар барысында Қостанай ауданындағы Мичурин жалпы білім беретін мектебі директорының орынбасары Е.Қазыбаев «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өскелең ұрпаққа туған өлке тарихын насихаттау мақсатында мектепте музей ашылғанын атап өтті. Заман талаптарына сай барлық техникалық құралдармен жабдықталған музей «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларымен ұштастырып жасалған.
Қостанай қаласының №4 мектебінің музей жетекшісі С.Байтенова мектептегі 1966 жылы қыркүйектің 7-сі күні құрылған «Жауынгерлік Даңқы» мұражайы туралы вебинар қатысушыларын ақпараттандырды. Аталған музейдің ашылуына тарих пәнінің мұғалімі Ада Карагодина бастамашы болып, негізін қалады. Бүгінде музейде 3000-ге жуық экспонаттар жиналған. Вебинар барысында білім беру саласындағы музейлердің қызметін ұйымдастырудағы мәселелер зерделеніп, мектеп музейлерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қабылданды.
Татьяна СИТНИКОВА,
Қостанай облысы білім басқармасының
Тәрбие жұмысы және тұлғаны
әлеуметтендіру бөлімінің
сектор меңгерушісі
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.