Әр елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін мұражайлардың танытатыны рас. Бүгінде тарихи-өлкетану және көркемөнер мұражайлары оқушылардың қызығушылығын туғызады. Көптеген мектептерде мұражайлар ашу – игі істердің бірі.

Краснопреснен жалпы білім беретін мектебінде де өскелең ұрпаққа рухани азық беретін «Өлке тарихы» атты тарихи мұражай бар. Мұражайдың «Өлке тарихы» деп аталып отырған себебі: біздің Краснопреснен ауылымыздан шыққан, ел ауызында жүрген, құрметке лайық атақты азаматтарымыз көп. Мысалы, Ұлы Отан соғысында ерлігімен танылған аталарымыз, бірінің ерлері, бірінің аға-бауырлары, бірінің әпке-қарындастары майданда болғанда ерен еңбегімен тылда демеу болған тұлғаларымыз бар. Сондай-ақ тың игеру кезінде де қатысқан ардагерлер көп. Мұражайды мектеп тарихшысы Батырхан Хусаинов үнемі тарихи заттар мен фотосуреттерге толықтырып отырады.
Мектеп тәлімгері ретінде мен және тарих пәнінің мұғалімі Батырхан Хусаинов «Жас Ұлан» және «Жас қыран» жасөспірімдер ұйымының тәрбиеленушілеріне арнап мұражайға саяхат жасады. Бұл саяхаттың мақсаты: осы ауылда туып-өскен, мақтан тұтуға лайықты қасиетті тұлғалардың тағылымды өмірі жайлы қысқаша дерек беріп, өскелең ұрпаққа рухани азық бере отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сонымен қатар болашақта мектеп оқушылары, ауылымыздың жастары осы азаматтарға теңелуге тырысып, өздері үшін дұрыс бағдар белгілеуінің, еліктеуінің айшықты үлгісі болатынына қол жеткіземіз деген ойдамыз.
Саяхат барысында тарих пәнінің мұғалімі Батырхан Аманжолұлы мұражайдың ішіндегі мәліметтер екі бағытта жинастырылғанын атап өтті. Бірінші – ауыл тарихы, яғни, ауыл ардагерлері мен үй шаруашылығына қатысты бұйымдар жинастырылған. Екінші – мектеп тарихы бойынша ертедегі мектеп жиһаздары мен көптеген ескі кітаптар, қаламсаптар және тағы басқа заттар жинақталғандығын атап кетті. Жас Ұлан тәрбиеленушілеріне бұл саяхат өте қызықты болды және саяхат барысында оқушылар тарих пәнінің мұғаліміне көптеген сұрақтар қойып, қанағаттандырылатындай жауап алды. Тағы да айта кетерлік жай: оқушылар осындай саяхаттарды жиі өткізулерін сұрады. Әрине, мектеп тәлімгері бұл сұрауларды ескере отырып, алдағы уақытта басқа да ауылымыздың тарихи ескерткіштерге баруын айтып кетті.
Мұражайдың жұмысы осымен тоқтамайды. Сырт жерлерде жүрген көптеген жерлестеріміз естіп-білген сәттен өздері құнды мәліметтермен бөлісіп, үлесін қосатынына сенімдіміз. Алдағы уақытта көптеген косымша мәліметтерді жинақтап, толықтырамыз. Жылдар өткен сайын өскелең ұрпақ өз ауылының тарихын біліп, туған жеріне құрметпен қарап, өзінің үлесін тигізеді деген ойдамын. Ал ауылының мақтанышына айналатын азаматтарымыз көп болса, еліміздің болашағы зор болатынына күмәнім жоқ. Қазіргі заман ағымымен мұражайға бару қалыс болып бара жатқанымен, туған жерінің тарихы мен мәдениетін білу мақсатында жас ұрпақты мұражайға апарып, түрлі жәдігерлермен таныстыру керек деп есептеймін.
Данияр МОЛДАБЕКОВ,
Краснопреснен ЖББМ
мектеп тәлімгері,
Меңдіқара ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.