Осындай тақырып аясында Қостанайдағы Қазақстан халқы Ассамблеясы аймағымызда дарындылар қатарынан мемлекеттік тілге қызығушылық деңгейі жоғары мектеп оқушыларының қатысуымен облыстық форум ұйымдастырды.
«Мемлекеттік тілге жеті қадам» форумы аясында тамыздың 26-28 аралығында үш күндік лагерь өткізілді. Әр ауданнан түрлі ұлт өкілдерінің балалары бас қосқан тоқсанға тарта оқушы киелі Науырзым топырағына саяхат шегіп қайтты. Бейімбет Майлин ауданының мектептерінен жалпы 14 оқушы лагерь аясында көптеген іс-шараларға қатысты: спорттық ойындар, шебер сыныптар, тренингтер, сұхбаттасу және онлайн-конкустар, табиғи қорыққа экскурсияларға өткізіліп, оларға киіз үй құрылысын жабдықтау, орнату әрі жинау тәртіптері туралы да айтылды.
Үш күн бойы ұйымдастырылған әртүрлі іс-шараның басы-қасында болып келген жастар лагерь соңында киелі орындарға бару мүмкіндігіне ие болды. Оларға әулие Түркебай ата мен Қоянақ әже туралы мәліметтерді аудандық Түркебай ата мешітінің имамы түсіндіріп берсе, орыс тіліндегі ақпаратты Тобыл жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде мен айтып отырдым.
Лагерьде оқушылар мен мұғалімдер үшін мәдениетті, дәстүрді және мемлекеттік тілді зерделеу бойынша ақпараттық алаңдар, мобилография және жасанды интеллектпен жұмыс бойынша шебер сыныптары ұйымдастырылып, нәтижесінде сертификаттар берілді. Осы лагерь тілдік дағдыларды жетілдіріп, ауызекі сөйлеу ортасын дамытып қана қоймай, достық қарым-қатынасқа жетелейтін алаң екенін танытты.
Жалпы оқушыларымыз форум аясында сәуір айынан бастап бірқатар тапсырмалар орындап, белсенділік танытып келеді. Ендігі кезекте, ақтық мәресі қазан айында белгілі болып, жеңіске жеткен жастардың кейбірі алдыңғы қатарда Республикалық форумға қатысу мүмкіндігін алады. Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті ояту жолында қызмет атқарған жетекшілер мен Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мамандарына, Б.Майлин ауданы білім бөлімінің қызметкерлеріне және ұйымдастырған жетекшілер мен жобаның жүйесін негіздеген тұлғаларға, сондай-ақ сапарымызға атсалысқан басшылыққа алғысымыз шексіз.
Балалар әрқашан осындай ынтымақ пен достыққа үндейтін қазақ тіліне қатысты лагерьдің бар екенін біліп, оған ыстық ықыласпен қатысуларына тілектеспін. Облысымыздың түкпір-түкпірінен ұстаздардың қазақ тілінде кеңестерін алып, түсінуіне және кешкі ән, би, түрлі ойын ортасында көңіл көтеруге мүмкіндік берген форум жаңа оқу жылына жаңа достар табуға да сеп болғаны рас.
Маржан НУРСЕЙТОВА,
Тобыл ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Б.Майлин ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.